Күнтізбе

1917 ж. қазан-қараша – Перовскіде, Әулиеатада, Шымкентте, Орынборда кеңес үкіметі орнады.

1917 ж. 14 қараша – Орынборда Әскери-төңкерістік комитеттің құрылып қаладағы бүкіл өкімет билігінің өзіне көшкендігін жариялауы.

1917 ж. 20 қараша – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Россия мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуін қабылдауы.

1917 ж. қараша-желтоқсан – Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Ақмолада Кеңес үкіметі орнады.

1918 ж. қаңтар-наурызда – Ақтөбеде, Павлодарда, Семейде, Верныйда Кеңес үкіметі орнады.

1918 ж. 14 мамыр – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Ә. Жанкелдинді Дала өлкесінің төтенше комиссары етіп тағайындауы.

1918 ж. 20 шілде-11 қараша – Мәскеуден Ақтөбе майданына қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу жөніндегі Ә. Жанкелдиннің экспедициясы.

1918 ж. 10 қыркүйек-1919 ж. 14 қазан – Черкасск ерлік қорғанысы.

1919 ж. 22 қаңтар – Қызыл Армияның Орынборды азат етуі, Түркістанның еліміздің орталығымен төте байланысын қалпына келтірілуі. Ақтөбе майданының жойылуы.

1919 ж. 24 көкек-11 шілде – Оралдың ерлік қорғанысы.

1919 ж. 16 маусым – В. И. Лениннің Орал қаласының қаһарман қорғаушыларына жолдаған құттықтау телеграммасы.

1919 ж. 10 шілде – РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі Төңкерістік комитет туралы» В. И. Ленин қол қойған декреті.

1919 ж. 11 шілде – 25-ші Чапаев дивизиясының Орал қаласын азат етуі.

1919 ж. 19 тамыз – Қызыл Армияның Қостанайды азат етуі.

1919 ж. 30 қазан – Қызыл Армияның Петропавлды азат етуі.

1919 ж. 12 қараша – Қызыл Армияның Көкшетауды азат етуі.

1919 ж. 26 қараша – Қызыл Армияның Атбасар мен Ақмоланы азат етуі.

1919ж. 30 қараша – Қызыл Армияның Павлодарды азат етуі.

1920 ж. 26 тамыз – Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің В. И. Ленин мен М. И. Калинин қол қойған «Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасын құру туралы» декреті.

1920 ж. 4–12 қазан – Қазақ АКСР Кеңестерінің бірінші съезі.