Өзіңді тексер
Азамат соғысы және революция. Интервенция мен азамат соғысының басталуы. 
1. Атаман Дутов Орынборды қашан басып алды?
-  а)1917 жылы желтоқсанда
-  б) 1918 жылы маусымда
-  д)1918 жылы шілдеде
-  с) 1919 жылы мамырда
 2. 1918 жылы Жетісу майданына жіберілді:
-  а) Атаман Анненков дивизиясы
-  б) Атаман Дутов
-  д) ағылшын әскері
-  с) Атаман Юденич
3. Әскери коммунизм саясаты жылдары еңбек салығы қандай жұмыстарға енгізілді?
-  а) Жол салу, жүк тасу жұмыстарына
-  б) Азық-түлікті бөлуге
-  д) Мәдени іс-шаралар
-  с) Мектептер салу
4. 1920 жылы мамырда армияға шақырылған азаматтардың жасы:
-  а) 19–43жас
-  б) 18–40 жас
-  д) 24–51 жас
-  с)19–35 жас
5. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарған қайраткер:
-  а) С. Арғыншиев
-  б) Б. Қаратаев
-  с) А. Иманов
-  д) О. Исаев
6. Ақтөбе майданы қашан ашылды?
-  а) 1918 жылы маусым
-  б) 1919 жылы тамыз
-  д)1919 жылы қыркүйек
-  с) 1920 жылы шілде
7. Анненков тобының 250 тұрғынды азаппен өлтірген қоныс:
-  а) Подгорное
-  б) Пятигорскі
-  д) Лепсі
-  с) Камен
8. Черкасск қорғанысының тарихи маңызы:
-  а) Қазақ-орыс шаруаларын біріктіру
-  б) Қазақтарды әскери өнерге үйретуі
-  д) Бейбіт ауылдарға казактарды жібермеді
-  с) Сібір мен Орта Азия контрреволюциясының бірігуіне жол бермеді
9. Атбасар уезінің Мариновка қонысындағы партизан командирі:
-  а) Ә. Әйтекев
-  б) В. Мей
-  д) Н. М. Ирченко
-  с) М. Жәнібеков
10. Орал мен Орынбор облыстарын азат етуді қай майданға жүктеді?
-  а) Жетісу майданы
-  б) Ақтөбе майданы
-  с) Шығыс майданы
-  д) Түркістан майданы