Күнтізбе

1941–1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.

1941 жыл 22 маусым- Ұлы Отан соғысының басталуы, Қазақстан соғыс жылдарында.

1941- шілде бірінші болып 316-шы атқыштар дивизиясы ұйымдастырылды.

1941 жылы- автоматшы, пулеметші, мерген, граната лақтырушы, байланысшы, радиошы, телефонист, т. б. әскери мамандықтары бойынша 134083 адам даярлап шығарды.

1941 жыл- Соғыстың алғашқы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532,2 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен бірге 50 мың маманданған жұмысшылар, инженер- техник қызметкерлер және 970 мыңдай күштеп көшірілген поляктар мен немістер ауылдар мен селоларға орналастырылды.

1941 жыл тамыз- 316- атқыштар дивизиясы майданға аттанды.

1941 жыл қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнады.

1941 жыл 17 қарашадағы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы бойынша 316- атқыштар дивизиясы жаппай ерлік көрсеткені үшін 8- гвардиялық дивизиясы болып аталды. Дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ауыр соғыста генерал И. В. Панфилов қаза тапты. Дивизияшылар өздерін «Панфиловшылармыз» деді.

1941 жыл 6 желтоқсанда Алматы аэроклубынан 662 – авиациялық полк майданға аттанды.

1941 ж. - экономиканың соғыс жағдайына бейімделуі, әскери бөлімдердің жасақталуы.

1941 ж. 16 қараша – 28 гвардияшы-панфиловшылардың Москва түбіндегі Дубосеково разъезінің жанындағы қаһармандық ерлігі.

1942 қаңтар — ақпанында табандылықпен, ерлік көрсеткен, аты аңызға айналған 28 панфиловшыға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1942 ж. 3 қыркүйек – Орал және Гурьев облыстарында әскери жағдайдың енгізілуі.

1943 ж. 20 қаңтар – Ақтөбе ферросплав зауытының бірінші кезегі іске қосылды.

1943 ж. 25 сәуір – Қаратау кен-химия комбинаты халықтық құрылысының бірінші кезегі салынып бітті.

1944 ж. 31 желтоқсан – Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пеші қатарға қосылды.

1944 ж. 26 қазан – КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы.

1945 ж. 9 мамыр – неміс фашистерін талқандаған жеңіс күні.