Кітап мұрағат құжаттары мен уақыт сынынан өткен, жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған. Кітапта 980 майдангердің қай жерде қаза тауып, қай жерде жерленгені және олардың туған -туыстары жайлы мәлімет берілген.
Жазушы Ә. Нұршайықовтың «Боздақтар» әскери шығармалар жинағында Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда жасақталған 100- атқыштар бригадасының өмір тіршілігі, Отан қорғауға қалай дайындалғаннан бастап, отты жылдар кезіндегі жекелеген адамдар ерлігі сөз етіледі.
Халық қаһарманы, Ұлы отан соғысы партизан отрядының командирі Қасым Қайсеновтың шығармасы партизан жазушының Украйна, Молдова, Венгрия жерлерінде жүріп, жау тылында жасаған ерліктері шығарма арқауына айналған. Оқиғалар шынайы суреттеледі. Оның әр бір жолынан Отанға, елге, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік рухы сезіледі.
Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналып шығарылған бұл фотоальбомға Отан соғысының негізгі тарихи кезеңдері мен тылдағы қарапайым Халықтың жанкешті еңбегін көрсететін деректі материалдар қамтылған.
Кітаптың авторы Рейхстагқа Жеңіс жалауын алғаш тіккендердің бірі. Батыр Р. Қошқарбаев Ұлы Отан соғысының соңғы кезін- Берлинге жасалған шабуыл көріністерін суреттеу арқылы кеңес жауынгерлерінің қаһармандық ерлігін көрсеткен.
Ұлы Отан соғысы кезінде Алматыда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы атақты Сталинград шайқасында бастан аяқ ерлікпен күрес жүргізгені әңгімеленеді. Сонымен қатар автор өзінің жерлестері – көптеген қазақ жігіттерінің Сталинград шайқасындағы ерлік күрестері туралы баяндалады.
Кітапта Ұлы Отан соғысында қазақстандық құрамалардың жеңіспен өткен жолдары, 1941- 1945 жылдарды баяндайды. Жауынгерлердің майданға аттанған құрамалардың құрылуы, әскери даярлықтан өтуі, даңқты жорық жолдары, жауынгерлер мен офицерлердің көрсеткен ерліктері жан-жақты әңгімеленеді.
«Әскери күнделіктің» бірінші кітабында жазушы өзінің балалық шағын, алғашқы махаббатын, әскерге алынғанға дейін жалынды жастық жылдарын, Қызыл Армия қатарына алынып, майданға кірген алғашқы күнделік етіп жазған.
Біз жеңеміз! Өйткені ісіміз ақ, Барлық адам баласы бізбенен жақ, Дүниеге зұлымдық үстем болып,
Шықпақ емес, әділдік жеңуі хақ! – деп соғыс ардагері Әзілхан атамыз майдандағы күндерін қағаз бетіне түсірген.
Қаһарман қыз Хиуаз (Әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер). — Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС,2012. -296 бет.
Жастық шағы отты жылдардың шарпуында өтіп, сұрапыл соғыстың күркіреген күндері мен түндерінде қырандай қайсарлығымен қаһармандық танытқан Хиуаз Доспанованың ерлігі елге өнеге, ұрпаққа үлгі десе де болады. Есімі әйгілі қаһарман ұшқыштың мерейлі 90 жылдығына арналған бұл жинаққа Хиуаз Доспанова жайлы деректі дүниелердің бір шоғыры іріктеліп, топтастырылып берілді.
Ол жайындағы очерктер, сұхбаттармен қоса әскери ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ержүрек жауынгері, қазақтың қаһарман қызы Хиуаз Доспанова жайлы деректі дүниелердің бір шоғыры іріктеліп, топтастырылып берілген. Кітап көпшілік оқырманға арналады.
Елеукенов Ш. Әттең дүние… / Роман, повесть, эсселер, әңгімелер. — Алматы: Атамұра, 2009. — 336 бет.
Көрнекті қаламгер Шерияздан Елеукеновтың осы кітабына оның «Әттең дүние…» атты романы, "Мухамеджан- Мархума хикаясы « повесі, сондай-ақ қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғаларының шытырман тағдырлары туралы эсселері мен соңғы жылдары жазылған көркем әңгімелері еніп отыр. Жазушы шығармалары оқырманды құнарлы ойға жетелейді, тілі шұрайлы.
Танекеев С. Жүрекке түскен жара. – Алматы: „Санат“,2005. — 160 бет.
Кітапта Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткерінің бұл повесі қайтадан жарық көріп отыр. Повесте Қаратай есімді азаматты НКВД адамдары „халық жауының құйыршығы“ деген айыппен түрмеге отырғызады. Оның тергелуі, көрген қорлықтары және ақталып шығу үшін істеген ерліктері бяндалады.
Сейітов С. Майдангер. — Алматы: „Санат“, 2005- 208 бет.
Кітапта қаламгер отты жылдарды көзімен атқарғандықтан соғыстың басынан аяғына дейінгі жайды баяндай жазады. Ақынның фашистерге деген өшпенділігі, достарына адалдығы, көңіл толғаныстары өлең болып төгіліп, қанды көйлек достарына дем берер ұйытқы іспеттес, өлең жолдарының қазіргі жас ұрпақты тәрбиелеуде де пайдасы ұшан теңіз.
„… Алты жүздей жауынгерден тұратын батальон Москваның ту сыртындағы Волоколамск қаласының тас жолымен таң атпай сап түзеп жүріп келеді… Амал қанша, қайтерсіз енді біз шегініп келеміз“.
Міне, осылай ащы жеңіліс, сұсты суреттен басталатын роман соңында жау қолындағы қалаларды бірінен соң бірін фашистерден азат етіп, қатардағы жауынгер Әкімгерейді орден – медальмен марапаттап жатқан комдив Момышұлын көреміз…
Аты аңызға айналған гвардия полковнигінің қолбасшылық даңқы алғаш рет, міне, осы Москва үшін шайқаста шыққан.
Жас оқырман, Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 70 жылдық мерекесі тұсында соғыстың ащы шындығы жайлы тағы бір рет оқып шығыңдар. Өте тартымды және қызықты оқылатын кітаптың патриоттық тәрбиеге баулуда атқарар ролі зор.Момышұлы Б. Ұшқан ұя –Алматы: „Санат“, 2005. — 224 бет.
Бұл кітапқа Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының „Ұшқан ұя“, „Музей апа“ әңгімесі мен нақылдары топтастырылған.
Онда қаһарман қолбасшы- қаламгер ата-бабасының шығу тегін, ерлік салтын, ұрпақ тәрбиесін, қарапайым ауыл адамдарының кісілік келбетін, мінез-құлқын, сол кездегі қоғамдық ортаны, әлеуметтік жағдайды, ізгі дәстүрімізді шығарма өзегіне айналдырады.
Кітап қалың оқырманға арналған.Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. — Т.1. — Алматы: Жазушы. — 2002. — 480 бет.
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы әрі қарымды қаламгер Бауыржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына „Қанмен жазылған кітап“, „Ұшқан ұя“ туындылары енгізіліп отыр.
Кітап жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің құнды құралына айналары сөзсіз.
Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы. — Т.2. — Алматы: Жазушы. — 2002. — 384 бет.
Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы әрі қарымды қаламгер Бауыржан Момышұлының екі томдық шығармалар жинағының екінші томына әйгілі „ Москва үшін шайқас“ романы мен бір топ әңгімелері топтастырылып, енгізіліп отыр.
Кітап жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің құнды құралына айналары сөзсіз.Нұршайықов Әзілхан. Ақиқат пен аңыз. Роман- диалог. — Алматы, „Атамұра“, 2004. — 400 бет.
Қазақстанның халық жазушысы, абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов- бұрын оқушы қауымға көптеген әңгіме, повесть жинақтарымен, „Махаббат, қызық мол жылдар“ атты романымен кең танылған жазушы.
»Ақиқат пен аңыз " деп аталатын бұл кітап Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсіндеуге арналған. Автор Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Кеңес Армиясының үздік мектебіндегі шыңдалу кезеңін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап соңғы күндеріне дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: Бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
Қасым Қайсенов. Жас партизандар. — Алматы: Жалын, 1980. — 208 бет.
Кітап авторы, Кеңес Одағының батыры – Ұлы Отан соғысы жылдарында арнаулы тапсырмамен жау тылына жіберіліп, онда партизан топтары мен құрамаларын ұйымдастыруға белсене қатысқан адам.
Жас оқырмандарға ұсынылып отырған жинағында жазушының Кеңес партизандарының жау тылындағы ерлік істерін баяндайтын "Жас партизандар ", "Жау тылындағы бала " және «Жау тылында» дейтін белгілі шығармалары енгізілді.Қасым Қайсенов. Жас партизандар. — Алматы: Жалын, 1980. — 208 бет.
Кітап авторы, Кеңес Одағының батыры – Ұлы Отан соғысы жылдарында арнаулы тапсырмамен жау тылына жіберіліп, онда партизан топтары мен құрамаларын ұйымдастыруға белсене қатысқан адам.
Жас оқырмандарға ұсынылып отырған жинағында жазушының Кеңес партизандарының жау тылындағы ерлік істерін баяндайтын "Жас партизандар ", "Жау тылындағы бала " және «Жау тылында» дейтін белгілі шығармалары енгізілді.Ахтанов Т. Қаһарлы күндер. Роман. — Алматы: Атамұра, 2003. — 384 бет.
Белгілі жазушы Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер» романы Ұлы Отан соғысына арналған. Москва түбіндегі үлкен айқас сахнасы, даңқты генерал Панфиловтың 8- ші гвардия дивизиясының ерлігі, табандылығы осы романда көркем суреттеледі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Ян Дрда. Май күндерінде. Ауд.: Қ. Ыдырысов. -Алматы, «Жазушы» 1967 196 бет.
Кітап 1945 жылы Прагада болған көтеріліс жөнінде жазылған. Бұл кітаптан чехтың жас патриоттарының көтерілістің ауыр күндерінде көрсеткен ерлігін, бостандыққа деген ел махаббатын, адамзат жауы қанішер фашистерге қарсы бірі қалмай тік көтерілген халық ашуын оқисыздар. Он бес жасар Пепиктің жау танкісін қиратып, жау тылына шімірікпей барлауға барғаны суреттеледі.
Фашизмнен құтылған Прага халқының қуанышын, халықтар достығын, көп күткен бейбітшілікке жеткен мерекелі күнді суреттеген қызықты беттерді оқисыз.