Өзіңді тексер
Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941–1945 ж. ж) 
1. Алматы облысы Қорғалы ауданының малшылары көтерген бастама:
- а) Соғыс вахтасына тұру
 
- б) Қорғаныс қорын ұйымдастыру
 
- д) Жоспардан тыс өнім беру
 
- с) Мал шаруашылығын дамытудағы Бүкіл одақтық жарыс
 
2. 1075- атқыштар полкінің 28 жауынгерінің Дубосеково разьезіндегі ерлігі қашан жасалды?
- а) 1941 жылы 24 маусым
 
- б) 1941 жылы 16 қараша
 
- д) 1941 жылы 18 қараша
 
- с) 1942 жылы қаңтар
 
3. Фашистердің 5 танкісін, «Фердинанд» зеңбірігін, 3 автомашинасын жойған қазақстандық:
- а) Р. Амангелдиев
 
- б) Ж. Сұраншиев
 
- д) Қ. Аухадиев
 
- с) М. Янко
 
4. Қарағандылық ұшқыш Н. Әбдіров ерлігі:
- а) Ұшағын жау танкілері шоғырына құлатты. 
 
- б) Жаудың 800 автомашинасын жойды
 
- д) Неміс траншеясына бірінші болып кірді
 
- с) Жау бөлімшесінің штабына кіріп, 5 фашистің көзін жойды
 
5. Каспий алабына соғыс жағдайы қашан енгізілді?
- а) 1941 жылы күз
 
- б) 1943 жылы күз
 
- д) 1942 жылы жаз
 
- с) 1942 жылы күз
 
6. Қазақстанға көшірілген 220 кәсіпорынның қаншасы қару-жарақ пен оқ- дәрі шығарылды?
- а) 200
 
- б) 180
 
- д) 30
 
- с) 20
 
7. «Қорғаныс қорына артық 100 күн еңбек ету» бастамасын көтерген:
- а) Ы. Жақаев
 
- б) Ы. Нұров
 
- д) Г. Хайдин
 
- с) И. Котельников
 
8. Оқушылар еңбегімен жиналған 4 млн. сом қандай қорға аударылды?
- а) Жеңіс қоры
 
- б) Майдан вахтасы
 
- д) «Қазақстан пионері» қоры
 
- с) Қорғаныс қоры
 
9. 1941–1945 жылдары республикада қанша өнеркәсіп орны салынды?
- а) 220
 
- б) 360
 
- д) 500
 
- с) 460
 
10. Соғыс жылдары «Қазақтардың батырлар жыры» еңбегін жазған академик:
- а) А. Бах
 
- б) В. Алексеев
 
- д) Н. Зеленский
 
- с) А. Орлов