1941ж

Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Европадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі Кеңес –Герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса көктеп кірді.

Ұлы Отан соғысы басталды.
Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. Германияның Қазақстанға қатысты жоспары айқын айқын еді. КСРО- ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді.

Немістердің жоғарғы барлау мектебі болашақ отарлардың карталарының жобасын дайындап, 1942 жылдың басында "Еділ- Жайық " және "Үлкен Түркістан " мемлекеттік құрылымдарын құруды жоспарлады. Үлкен Түркістан отарының құрамына- Қазақстан, Орта Азия, Татарыстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзянь, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді.

Қуыршақ мемлекеттерді құру арқылы гитлершілдер экономикалық және саяси мақсаттарды: ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасына ие болуды, кеңестер елін отарға, оның халқын құлдарға айналдыруды көздеді. Кейінірек қауырт соғыс жоспарларының күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарларын қайта қарап, КСРО-ның орыс емес халықтарының өзін-өзі басқаруына уәде беруіне тура келді. Сөйтіп фашистер бұл халықтарды Мәскеуге қарсы күресте пайдаланбақшы болды.

23 маусым — Ішкі істер жөніндегі КСРО Халық Комисары В. М. Молотовтың Радиодан хабарламасы жарияланды. «Соғыс жағдайы туралы» КСРО Жоғары Кеңесінің Призидумының жарғысы шықты.

22- маусым мен 29 шілде аралығында Кеңес
шекарасын бұзып кірген Фашистік Германия Белорусия жерін бомбылаумен болды. Брест қамалы Қаһармандықпен қорғанды. Кескілескен ұрыста жау тылында қалып қойды. Кеңес, соның ішінде Қазақстандық жауынгерлер, қасық қаны қалғанша шайқасты.

23 маусым-
Отан қорғау Халық Комиссарының Оңтүстік майданды құру туралы директивасы шықты.
Брест қамалын қорғау кезінде үш мыңдай қазақстандық жауынгерлер де жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. 1939–1940 жылдары міндетті әскери қызметке шақырылған олар соғыс басталғанда, неміс басқыншылармен бетпе- бет келіп, алғашқы соққыны өздеріне қабылдады. Солардың бірі – Алматы облысының Жамбыл ауданынан 1939 жылы әскерге шақырылған мұғалім Мамиев Әбдірәзақ № 125 атқыштар полкінің құрамында үш ай бойы қираған қамалдың ішінде қалып, шыдамдылық пен төзімділіктің және қайсарлықтың сынағынан өтті…
24 маусым –ВКП (б) -ның ОК мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің «Халықты көшіру жөнінде Кеңес құру туралы» қаулысы шықты.

-Ленинград соғыс округы Солтүстік майдан болып қайта құрылды.

-Фашистік германиямен соғыста Кеңес Одағын қолдау туралы АҚШ президенті Ф. Рузвельттің мәлімдемесі жарияланды.

-Неміс және Фин әскерлері Мурманск бағытында шабуылға шықты.

1 шілде
– КСРО Халық Комиссариаты Кеңесінің «Соғыс уақыты жағдайында КСРО халық комиссарларының правосын кеңейту туралы» қаулысы болды. -Белоруссия КП (б) Бюросы "Жау тылында партизан соғысын « кеңінен өрістету туралы директива берді.
… Соғыс басталғаннан бастап бір жыл ішінде Республикамызға 142 өнеркәсіп орындары, олардың ішіндегі ірі ауыр және орта машина жасау зауыттары, аяқ киім, тоқыма, мақта- мата фабрикалары бар; 149 жетім балалар үйі мен көшіп келді. „ Паравда“ газеті 1942 жалғы бір бас мақаласында »Қазақстан- Отан қоймасы «, — деп жазды. Қазақстанға Мәскеуден эвакуацияланып 1941 ж. көшіп келген:
  1. Мәскеу Энергетика институты – Өскеменде,
  2. Түсті металдар инст. — ты Алматыға,
  3. Заң инст. -ты бірсапыра обл. -ға,
  4. Киномотография инст. — Алматы кинотех. — на,
  5. Байланыс ғылыми – зерттеу инст. — ты –Алматыға
  6. Архитектура академиясы- Шымкентке,
  7. Әлемдік саясат пен шаруашылық институты- Шымкентке,
  8. Экономика инст. -ты – Шымкентке,
  9. Әлем әдебиеттері ин. -ты Шымкентке,
  10. Ғылым Академия. -ның философия инст. -ты – Повлодарға,
  11. Авиация инст. -ты – Алматыға орналасты.
2 шілде – КСРО ХК Кеңесінің „Әуе шабуылынан“ қорғануға халықты жаппай дайындау туралы»қаулы алды.
-Мәскеуде халық жасақтары құрыла бастады.
3 шілде-
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің төрағасы И. В. Сталан радио арқылы сөз сөйледі. 5 июльде –Басып алған аудандарда партизан отрядтары мен большевиктік жасырын ұйымдар құру туралы Украина КП (б) ОК- нің қаулысы шықты. 10 шілде -10 қыркүйек арасында – Смоленск шайқасы болды.
8 тамыз – И. В. Сталин КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас командашысы
лауазымына тағайындалды. Балтық флотының авиациясы Берлиннің соғыс объектілеріне алғаш шабуыл жасады.
1941 жылы 10 шілдеден -1944 жылдың 13 қаңтарына дейін – Ленинград -Нева жағасындағы ұлы қала от пен оқтың арасында 900 күн қаһармандықпен қорғанып тұрды. Ұлы Отан соғысының тарихында ерекше орын алатын бұл Ленинград шайқасы аштықтың да, қатал соғыстың да азабын бастан кешірді. Ерліктің, қайсарлықтың бұрын –соңды болмаған үлгісін де көрсетті. Сол шайқастың қақ ортасында борлған, сол кездегі майдан шебіндегі тілші, запастағы полковник – Бисен Жұмағалиев өз жазбаларын жинап «Қазақтар Ленинград майданында» атты кітап жазды. (Астана-2005 жыл)

Жамбыл Жабаев- Қазақтың халық поэзиясының алыбы, Кеңес өкіметі жылдарында қартайғанына қарамастан әр құбылысқа өлеңмен үн қосып, жаңалықтарды шалқыған шабытпен жырлады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ақын халықтың жеңіске жігерлендірді. «Ленинградтық өрендерім» өлеңі жау қоршауында қалған қаһарман қаланың қорғаушыларына үлкен рух, сенімді серпін берді.

Қазақстанда құралған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотында қызыл тулы бір ғана «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.
Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты. Ержүректілігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік – батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық – түлік, қару – жарақ пен әскери құрал – жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде – ақ қазақстандық 310-шы, 314-ші атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты.
29 қыркүйек- 1 қазанКСРО, АҚШ, және Ұлыбритания басшы өкілдерінің өзара соғыс жабдықтарын беріп тұру мәселесі жөнінде Москва конференциясы болды.

1942 жыл қаңтар – Фашистік германияға қарсы соғыс одағын құру туралы КСРО, Ұлыбритания, және Иран арасында келісім жасалды.
6 қыркүйек- Гитлерлік бас командование Мәскеуді басып алу мақсатымен кеңес- герман майданында шабуылға шығу туралы шешім қабылдады.
1941 жылдың 30 қыркүйегінде 1942 жылдың 7–8 қаңтарында – Москва түбінде қырғын шайқас болды.

19 қазан-
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Москва мен оған іргелес жатқан аудандарды қатерлі жағдайда деп есептеу туралы» қаулы алды.

Қазақстанда
құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312, 316, 238, 310, 314, 357, 391 атқыштар дивизиясы құрылып айқасқа кірісті.
30 тамыз- 6 қыркүйек – Неміс- фашист әскерлері Ельня аймағында жеңіліске ұшырады.
Генерал И. В. Панфилов басқарған 316 – атқыштар дивизиясы Москва түбіндегі шайқаста өшпес даңққа бөленді.
Олардың қатарынан Кеңестер Одағының 35 Батыры шықты.
Панфиловшылар Жоғарғы бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал- майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8- гвардиялық атқыштар дивизиясына генералдың есімі берілді. Кейінірек жасақталған 72, 73, 8-ші, 387-ші атқыштар дивизиясы Украина жерінде соғысқа қатысты.
Момышұлы Бауыржан– әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316- атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құраммен аман –есен дивизия құрамына қосылды. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі талантты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарман
Б. Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жүбере алады… біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік».

Б. Момышұлы — әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Батырдыңсоғыс жайлы жазбалары: "Артымызда Москва ", «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап», "Офицер жазбалары " сияқты бірнеше құнды мұралар қалдырады. Қазір әскери жауынгерлерді, Отансүйгіш жас ұрпақты тәрбиелеуде Б. Момышұлы еңбектері таптырмас дүние.
Кеңес халқы ортақ Жеңіс үшін батырлық пен ерліктің үлгілерін көрсетті. Әсіресе, Қазақ жауынгерлердің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, қас жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы, біздің достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Бұған көрнекті жазушы, публицист И. Эренбург тың айтқаны толық дәлел бола алады. Ол былай деп жазды: «Қазақтар ен далада атқа мініп шабуылға дағдыланған адамдар, ал егер керек болса, олар еңбектейді де, жүгіріп те кетеді, тырбанып тау-тасқа да шығады. Олар сазға батпайды, оларды ешнәрседе тоқтата алмайды.» Тұтқынға алынған бір фашист офицері былай деп мәлімдеген: «Бізге қарсы сондай бір, қорқынышты, ғажайып солдаттар соғысты. Оларды ешқандай оқ, тоқтата алмады. Олар бізге қарсы дүрсе қоя берді. Кейіннен маған бұлар қазақтар деседі… Мен бұрын мұндай халықтың бар екенін білмеуші едім».
1941 жыл5 июльде –Басып алған аудандарда партизан отрядтары мен большевиктік жасырын ұйымдар құру туралы Украина КП (б) ОК- нің қаулысы шықты. Осыған орай, толық емес деректер бойынша Украинада 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Белоруссияның тек қана 65 партизан бригадаларында (Белоруссияда барлығы 199 бригада және дербес отрядтар болған) 1500-ден астам қазақстандық партизан болды. Украинада С. А. Ковпак басқарған партизан құрамасында 70-тен астам қазақстандық, ал М. И. Шукаев басқарған құрамада 79 қазақ, Белоруссияда №8 партизан бригадасында 38 қазақстандық болып, ерлік көрсетті. Қазақстандық партизандар ішінен белгілі командирлер, ысылған саяси қызметкерлер шықты. 1941 жылдың аяғында Киев облысының Ржищев ауданында астыртын партизан ошағы құрылды. Мұны ұйымдастырушылардың бірі жау тылына арнайы жіберілген коммунист Қасым Қайсенов болды. Оның отряды 1942–43ж. ерекше ерлігімен көзге түсті. Қайсенов кейінірек Закарпатье жерінде, соңынан Румыния мен Чехославакияда партизан қозғалысының өрістету ісіне белсенді қатысты. С. А. Ковпак басқарған партизан құрамасында Батыс Қазақстандық Фазыл Абдуллин, Талдықорғандық Н. А. Калачев ерліктің үлгісін көрсетті. А. Ф. Федоровтың құрамасында (Чернигов обл.) Қалау Әшірбеков, Нұргерей Естеміров, Ерназар Сексенбаев, Есенбай Әбішев сияқты қазақ партизандары ерлік қимылдарымен көзге түсті. Осы құрама командирінің диверсиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары алматылық А. С. Егоровқа Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ворошиловград облысында капитан Хайрутдинов басқарған партизан отрядында қазақтың белгілі ақыны Жұмағали Саин саяси жетекшілік қызмет атқарды. Туысқан Белоруссия жерінде де қазақстандық партизандар көптеген ерлік көрсетті. Солардың бірі Нұрым Садықов болды. Оның басшылығымен рота жаудың 78 эшелонын талқандады. Осы отрядта взвод командирі болған Хамит Исмағулов 70 фашисті жер жастандырды. Жау тылында партизан қозғалысын өрістету үшін Қазақстан КП ОК-нің жолдамасымен арнайы жіберілген Азамат соғысының ардагері Г. А. Беляев көптеген соғыс қимылдарына белсенді қатысты. Қазақстандық В. И. Шаруда басқарған Железняк атынд. партизан бригадасы Гомель облысында жаудың 75 эшелонын қиратты, 2200-ден астам гитлершілердің көзін жойды. Қазақ жігіті Ж. Нәметов осы бригада командирінің комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары болды. Алматылық Әкін Айсаев Брест облысында «Дядя Коля» партизан бригадасы комиссарының орынбасары болды, Тоқтағали Жанкелдин Минск облысында қызмет атқарды. Осы бригаданың мүшесі комсомолец Елеу Сағынов бір өзі жаудың 13 эшелонын қиратты. Березинск ауданында қимыл жасаған «Большевик» партизан отряды Уәли Оразбаевтың басқаруымен 98 соғыс операциясын жүзеге асырып, жауды көптеген шығынға ұшыратты. Партизандар Ғалым Омаров, Ғалым Ахмедияров т. б. ерліктің тамаша үлгісін көрсетті.

Жау тылында табандылық ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткендердің ішінде 2 – клетпян партизан бригадасы комиссарының комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары Әди Шәріпов, осы бригаданың звод командирі Жылбек Ағаділов, қатардағы партизандар Мәжіт Мұқанов, Шалмағанбет Балмағанбетов, Әлім Өтеулин, Ленинград облысы халық кекшілдерінің ішінде қызылордалық Ахмет Сыздықов, қостанайлық И. В. Антипов, алматылық Қ. Сандыбаев, қазақстандық қыздар Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Ева Ильичина Воробьева, Жамал Ағаділова, Любовь Ивановна Семенова т. б. болды.

Сөйтіп неміс – фашист басқыншыларына қарсы күресте, барша совет халқымен бірге қазақстандық партизандар да Отанға, партияға берген антын бұлжытпай орындап, Ұлы жеңіске өз үлестерін қосты. Жау басып алған жерлерде қарулы күрес жүргізіп, орасан ерлік көрсеткен мыңдаған партизандар Совет Одағының ордендерімен медальдармен наградталды.
1941 жыл 30 қазаннан -1942 жылдың 4 шілдесіне дейін Севастополь қаласы қаһармандықпен қорғалды.

1941 жыл 7 қарашада
Қызыл алаңда Қызыл Армия әскерлерінің парады өтті.
1941 жылдың 5–6 желтоқсанында -1942 жылдың 7–8 қаңтарында –Москва түбінде кеңес әскерлері қарсы шабуыл жасады.
1941 жыл 7 желтоқсанында – Жапония соғыс күштері Перл-Харбор соғыс-таңіз базасына шабуыл жасады.

-Жапония АҚШ пен Англияға соғыс жариялады.
1941 жыл 8 желтоқсанында -КСРО Халық Комисарлары Кеңесінің " СССР- дің Шығыс аудандарында көмір өндіруді дамыту туралы " қаулысы шықты. Соғыс жылдарында Қарағанды кеншілері 34 млн. Тонна көмір өндірді. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2.472.2 мың. Тонна сапалы мұнай өндірді.
-11–15 желтоқсанда Батыс майдан әскерлері Клин мен Истра қаласын азат етті.

-16 желтоқсанда – Калининді азат етті.

-26 желтоқсанда-Закавказье майданы мен Қара теңіз флотының шайқастары болды.

-30 желтоқсанда батыс майдан Калуганы азат
-20 желтоқсанда Батыс майдан әскерлері Волоколамскіні азат етті. Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды
Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.