1942ж

1 қаңтар- Вашингтонда антифашистік каолицияның 26 мемлекеті осы елдердің барлық ресурстарын фашистік одаққа қарсы күреске пайдалану туралы декларацияға қол қойды.

7–10 қаңтар – 20 сәуір Қызыл Армия
Батыс, Солтүстік – Батыс және Оңтүстік- Батыс бағыттарында жаппай шабуылға шықты.

20 қаңтар- Батыс майдан әскерлері Можайскіні азат етті.

1942 жыл қаңтар
– Фашистік германияға қарсы соғыс одағын құру туралы КСРО, Ұлыбритания, және Иран арасында келісім жасалды.
Жуков Георгий Константинович-Кеңес әскери қайраткері, Кеңес Одағының Маршалы, 4 мәрте Кеңес Одағының батыры. 1939 ж. Халхын- Голде жапон басқыншыларын талқандау ісін ойдағыдай басқарды. Ұлы Отан соғысының бас кезінде Резерв, Ленинград және Батыс иайдандары әскерін басқарды. Жоғары Бас командованиенің тапсырмасы бойынша Сталинград шайқасында, Ленинград қоршауын бұзуда (1943ж.) Курск шайқасында майдан әскерлерінің және Орталық, Воронеж, Далалық, Белорус майдандарының қимылдарын ұштастыру ісін жүзеге асырды. 1944–45 ж. 1- Украина және 2- Белорусь майдандары әскерлерімен бірге Висла –Одер операцияларын жүзеге асырған, соңынан неміс- фашист әскерлерінің берлиндік тобын талқандады. Жоғарғы Бас командованиенің атынан фашистік Германияның тізе бүгуін қабылдады.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы.

Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі — Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов — қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944) атағын берді.
4 мамырда- КСРО Халық Комиссарлары Советінің « 1942 жылы Уралда көмір шығару жұмысын ұлғайту туралы» қаулысы болды.
  • Өнеркәсіпте Бүкілодақтық Социалистік жарыс басталды.
  • 12–30 мамырда Харьков шайқасы болды.
  • 11- маусымда Агресияға қарсы соғыс жүргізуде қолданылатын өзара көмектің принциптері туралы КСРО мен АҚШ арасында келісімге қол қойды.
28 маусым – 24 шілдеде – Кеңес әскерлерінің Воронеж бен Ворошиловград бағытында қорғаныс ұрыстары жүрді.
Соғыс жылдары жалпы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахталар мен жеке өндіріс орындары, оның ішінде 300- дей эвакуацияланған кәсіпорындар салында. Республикада танкілер мен ұшақтар жасау үшін ақша жинау қозғалысы жүргізілді. 1941 жылы күзде БЛКЖО атындағы танк колоннасын құруға қаржы жинау басталды. Қазақтың белгілі балуаны, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов жеке қаражатынан қорға 100 мың сом өткізді. Нәтижесінде 1942 жылы армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды. 1942–1943 жылдары халықтан жиналған қаржыға 10 танк колоннасы, бірнеше авиация эскадрильясы, торпедалық катерлер мен ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы әскери техника жасауға 480,3 млн сом қоржы қосты.
1942 жыл 10 шілде - КСРО Халық Комиссарлары Советінің мен ВКП (б) ОК-нің " 1942 жылдың астық өнімінен Қызыл Армияның астық қорын жасау туралы « қаулысы шықты.

Ауыл шаруашылығын қайта құру міндеті де оңай болған жоқ. 1942 жылы Қазақ КСР-нің егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейіп, жалпы КСРО бойынша артқан егіс көлемінің 30 пайызын құрады. Күздік дәнді дақылдар, тары, қызылша егісінің көлемі артты. Соғыс кезінде Қазақ КСР-і КСРО-ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды. Колхозшы шаруалар мемлекеттік мәні бар міндеттерді құлшына орындап, отаншылдық үлгісін танытты.
Звено жетекшілері Ш. Берсиевтің, Ыбрай Жақаевтың, Ким Ман Самның, А. Дацкованың, Б. Сомжүрекованың т. б. еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады. Қазақстан колхозшыларының ең үздік табыстарын Кеңес ақпарат бюросы өз хабарларында атап отырды.
4 жылдық соғыстың барысында жауға атылған10 оқтың 9-ы Шымкент пен Өскеменнің қорғасын зауыттарында дайындалды.

Қару-жарық, көлік, киім-кешек, азық- түлікті майданға жылдам жеткізу мақстында қысқа мерзімде Қандағаш –Орск, Жамбыл- Шолақтау, Талдықорған- Текелі темір жол желілері таратылды. Соның нәтижесінде шикізат көздері өнеркәсіп ошақтарымен жалғасты. 1942 жылы Алматыда құрылысы басталған вагон жөндеу зауыты соғыстың соңына таман пайдалануға берілді.
Қазақстан- Сталинград шайқасының ең жақын тылы.

1942 жылдың күзінде Сталинград түбінде
кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқасының отты жалыны Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді.

1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстандықтардың Еділ бойындағы қаһарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: »Сталинград – Шығыстың кілті", деп көрсетілді. Қорғаныс шептері салына бастады. Батыс қазақстандықтар Сайхын мен Орда әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. Сталинград бағытындағы шабуылдау және қорғаныс шайқастарына Қазақстан жерінде құрылған және жасақталған дивизиялар мен құрамалар қатысты.
Сталинград қорғанысындағы ерлігі үшін, екі Даңқ орденінің иегері І. Айтықовқа, Қойгелді Аухадиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін, зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген3 автомашинасын жойды, Днепрден алғашқылардың бірі болып, қарсы шабуылға шыққан дұшпанның жолын бөгеді. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды. Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-гвардиялық дивизияның 210 жауынгерлеріне, 73-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгерлеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғары үкімет марапатына ие болғандардың арасына А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шакенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды.
1943 жылғы 4 желтоқсандаҚазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепр өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің».
1942 жылдың 17 шілде -1943 жылдың 2 ақпан – Сталинград түбінде қырғын соғыс болды.
1942 шілде- 31 желтоқсан
Солтүстік Кавказда Кеңес әскерлері қорғаныс ұрыстарын жүргізді.
13 қыркүйек- 18 қараша –Сталинград
көшелерінде қорғаныс ұрыстары жүрді.
1942 жылдың 19 қараша -1943 жылдың 2ақпанында Кеңес әскерлері Сталинград түбінде шабуылға шықты.

23 қараша —
Кеңес әскерлері Волга мен Донөзендері аралығында 330 мыңдық неміс-фашист әскерлер тобын қоршауға алуды аяқтады.
26–27 қарашада
- Югославия фашизмге қарсы халақазаттық жиналысы құрылды.
28–30 қараша
–Орта Донда Оңтүстік-Батыс және Воронеж майдандарының әскерлері шабуылға шықты.
Қазақстан жауынгерлері балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстанлық ерлігімен көзге түсті. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік — шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-атқыштар девизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталынып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді.

Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нұркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, Минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Көптеген қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс – фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл — әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгеннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдармен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова

1942 жылдың наурыз айында №46 балалар үйінің тәрбиеленушілері Ярославль облысының Вятское селосына көшірілді. Әлия Вятск орта мектебінің 7-сыныбын бітірген соң, әскери ұшқыш болуды арман етіп, Рыбинск авиация техникумына оқуға түседі.

1942 жылы Рыбинск аудандық әскери комиссариатының жолдамасымен Москва түбіндегі БЛКЖО Орталық Комитеті жанындағы Әйелдердің Орталық Мергендер Мектебіне қабылданады. Әлия Молдағұлова 1943 жылдың шілде айында мергендер мектебін үздік аяқтап, Солтүстік-Батыс майданның 54-ші атқыштар дивизиясының 4-ші батальонына жіберілді.

1942 жылдың қаңтар айында 54-ші атқыштар дивизиясының Псков бағытындағы шабуылы басталды. Міндет – үлкен стратегиялық маңызы бар Новосокольники-Дно бағытын кесіп өтіп, Казачиха деревнясын жаудан азат ету. Әлия құрамында болған 4-ші батальон Насваның батыс жақ шетіне жете бергенде немістер танкілердің қолдауымен қарсы шабуыл ұйымдастырды. Әлияның бөлімше командиріне оқ тиіп, ол саптан шықты. Жауынгерлер кібіртіктеп, кейін шегіне бастады. Осы сәтте Әлия: «Бауырлар! Отан үшін алға!» -деп ұран тастап, батальон жауынгерлерін шабуылға көтерді. Сол сәтте Әлия жау оғынан жараланды.

1944 жылдың 14 қаңтарында Казачиха селосын жаудан азат ету үшін болған осы шайқаста Әлия Молдағұлова қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңес үкіметі біздің әскерлеріміздің Волгадағы қимылдарын жоғары бағалады. Қорғаныс ұрыстарында ерекше көзге түскен құрамалар мен бөлімдердің 55-і ордендермен наградталды, 179-ы гвардиялық болып қайта құрылды, 46 –сы құрметті атақ алды. Мыңдаған қатардағы жауынгерлер мен командирлер үкімет наградаларын, ал 100 шамасындағы жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1942 жылдың аяғында КСРО ЖС –нің Президумы «Сталинградты қорғағаны үшін» медалін шығарды, онымен қырғын шайқасқа қатысқан 707 мыңнан астам адам наградталды. Мамаев қорғанында – батыр қаланың қасиетті жерінде сәулетті ескерткіш- ансамблінің салынуы олардың сіңірген ерекше еңбегін тану болып табылады.
Волгада жауды талқандау-екінші дүние жүзілік соғыстың аса ірі саяси- соғыстың оқиғасы болды. Қызыл Армия өзінің жеңімпаз күшін, неміс фашист соғыс машинасынан артықшылығын көрсетті.

Сталинград түбіндегі қырғын соғыста қол жеткен жеңіс – кеңес соғыс өнерінің салтанат құруы болды. Кеңес Қорулы күштері өзінің нәтижелері мен ақтық қорытындылары жағынан соғыстар тарихында теңдесі жоқ операция жүргізді.
1942 жылғы 17 июльден 1943 жылғы февральға
дейін болған қырғын соғыстафашистік одақтың армиялары кеңес-герман майданында соғыс әрекетін жасаушы күштерінің төрттен бірдейінен айырлды. Дұшпанның бір жарым миллиондай солдаты мен офицері өлтірілді., жараланды және тұтқынға алынды.
Ғасырлар, мыңдаған жылдар өтер, ал Волга камалының ер жүрек қорғаушыларының өшпес даңқы ерлік пен қаһармандықтың барынша жарқын үлгісі ретінде дүние жүзі халықтарының жүрегінен мәңгі орын алатын болады.
Сталинград түбіндегі жеңіс шет елдердегі миллиондаған еңбекшілердің арасында совет халқын қатты құрметтеушілік сезімін туғызды. Олар кеңес адамдарының қаһармандық күресіне, олардың адамзат үшін жасаған ерлік істеріне шын ниетімен масаттанды.
1943 жылы ноябрьде одақтас үш держава басшыларының Тегеранда болған конференциясында Великобританияның премьерминистрі совет делегациясына құрмет семсерін – Великобританияның королі Георг VІ-ның Салинград азаматтарына фашистік басқыншыларды жеңу құрмеетіне деген тартуын берді.

1944 жылы май айында АҚШ президенті
грамота жіберіп, онда былай деп жазды: «Мен Америка Құрама Штаттары халқының атанына Сталинград қаласына оның ер жүрек қорғаушыларына өзіміздің таң тамаша қалғанымыды атап көрсету үшін осы грамотаны тапсырып, өйткені бұлардың 1942 жылғы 13 сентябрьден 1943 жылғы 31 январьға дейінгі қоршаудағы көрсеткен ерлігі, рухани күші мен жан қиярлығы барлық ерікті адамдардың жүрегін мәнгі — бақи тебірентетін болды. Олардың даңқты жеңісі шапқыншылықтың желігін басып, Одақтас ұлттардың агрессиясы күштеріне қарсы соғыстың бет бұрыс пункті болды».
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пунктерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады.