10 қаңтар- 2 ақпан – Сталинград түбінде қоршауға алынған неміс- фашист әскерлерінің тобын жою ұрыстары жүргізілді. 24 қаңтар -17 ақпан – Воронеж және Брянск майдандарының Воронеж- Косторное операциясы жүргізілді. 25 қаңтарда- Воронеж майданының әскерлері Воронежді азат етті. 8 наурызда- 1-ші Чехословак батальонының Соколова деревнясы түбінде алғашқы шайқасы болды. |
|
19 наурызда- КСРО ХК –лары ауыл шаруашылығын өркендетудің 1943 жылға арналған мемлекеттік жоспары туралы қаулысы жарияланды. Село еңбеккерлерінің ерлігі Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Республиканың колхоз-совхоздарына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері – Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер – Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т. б. орынды мақтан етті. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының озат тары өсірушісі Ш. Берсиев тарының қуаңшылыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сортын өсіріп шығарды. Ол 1942 жылы әр гектардан – 175ц, ал 1943 жылы – 202ц. өнім жинады. Қызылордалық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жылы әр гектардың өнімін 192ц. жеткізді. |
|
Мал шаруашылғы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Малшылар арасынан көптеген республикаға танымал еңбек озаттары шықты. Мысалы, Жезқазған ауданы Аманкелді атындағы колхоздың шопаны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш. Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны ешқандай шығынсыз бақты. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылғын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941–1945жж. олар майдан мен елге 5 829мың тонна астық, 734мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. | |
1943жылы Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті. | |
Бұдан 72 жыл бұрын, жаздың ыстық кундерінде Курск иінінде екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі шайқасы болып өтті. Шайқас нәтижесінде фашистік армия оңалмастай жеңіліске ұшырады. Неміс әскерінің Курск түбіндегі жеңілісі герман қолбасшылығының соғыс барысын өз пайдасына шешу үмітін үзді. | |
Кеңес жауынгерлерінің моральдық рухы онан сайын нығайды, олардың саяси саналығы артты. Кеңес- герман майданындағы жеңілістер фашистік одақтың шырқын бұзды. Сыбайластар елдерінде соғысқа наразылық күшейді. Миллионнан астам неміс, сондай-ақ Румын, Итальян солдаттары мен офицерлерінің өлігі Кеңес жерінде қалды. Өз одақтастарының алдында Германияның беделі кеми берді. Қырғын ұрыстар майданында жаудың мыңдаған танкілері, зеңбіректері, самелеттері қирап жатты. Фашистік Италия соғыстан шығу шегінде тұрды. Адам және соғыс техникасы жағынан зор шығынға ұшырауы Германияның армиясы мен халқының моральдық рухын түсірді. | |
Неміс –фашист командованиесі Қызыл Армияға соққы беру үшін майданның ең қолайлы және тиімді участогы Курск аймағындағы Курск доғасы деп аталатын мүйіс болып табылады деп ұйғарды. | |
Германия және оның сыбайластары шабуыл жасауға әзірлікті күшейтті. Адам шығындарының орнын толтырып, талқандалған толып жатқан дивизияларды қалпына келтіру үшін фашистік билеп төстеушілер тағы да жаппай мобилизация жасау шарасын қолданды. |
|
1943 жылы Фашист басшылары соғысқа керекті өнім шығаруды арттыру үшін, соғыс техника сы мен қару- жарақ шығынының орнын толтырып қолдан келгеннің бәрін істеді. Мұнда «пантера» және «тигр» сияқты жаңа танкілер түрін жасап шығаруға, сондай-ақ «фердинанд» тәрізді жаңа штурм зеңбіректерін жасап шығаруға ерекше көңіл бөлінді. Авиация өнеркәсібі неғұрлым жетілдірілген самолеттер шығара бастады. 1943 жылы 1942 жылмен салыстырғанда танкілер шығару 2 есе, самолеттер -1,7 еседен астам, штурм зеңбіректері-2,9 есе, зеңбіректер-2,2 еседенастам, минометтер-2,3 есе өсті. Жау алдағы болатын шабуылға мұқият әзірленді. Европада екінші майданның жоқтығын пайдаланып, неміс командованиесі бес жаяу әскер дивизиясын әкеліп жеткізді. Сол сияқты авиацияның ірі, жаңа «Фокке-Вульф-190А», «Хеншель»-129" ұшақтарын қосты. күштері де әкелінді. Шайқастарға Кеңес әскерлері де әзірленді. Ең негзгі күш- жігерді Оңтүстік Батыс бағытына шоғырлау көзделді. Мұнда жаудытОрел мен Харьков аймағында, Курск доғасында талқандау жоспарланды. Бұл әдейіойластырып жасалған қорғаныс еді. Қиян – кескі ұрыстарда жаудың жаудың тегеурінді топтарын титықтатып әлсірету. |
|
5 шілдеден-23 тамызға дейін Курск түбінде қырғын шайқас болды. 12 шілде -23 тамыз Курск түбіндегі қырғын шайқаста кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. 1942–1943 жылғы қысқы кескілескен шайқастардан кейін тыныштық орнады. Соғысушы екі жақ өткен ұрыстардың тәжірибесін зерттеді, болашақ ұрыс әскерлерлерінің жоспарларын белгіледі. Әскерлер адамдармен және техникамен толықтырылды, резервтер жинады, қайта топтастырулар жасалды. Екі жақ та соғыс өндірісін арттыру үшін нендей шараның бәрін қолданды. |
|
25 шілде- Италия фашистік өкімет талқандалды. Муссолини үкімет басынан түсірілді. | |
3 тамыз- 1 қараша «Релістік соғыс»жүргізілді. Кеңес партизандары жаудың маңызды темір жол байланыстарына күшті соққы берді. | |
Тұтас алғанда жаумен шайқаста Қызыл Арммияның шабуылдары ірі жеңістерімен өтті. Күшті соққылар нәтижесінде дұшпанның 30 дивизиясы мен 6 бригадасытүгелдей жойылып, 142 дивизиясы жауынгерлерімен шығынға ұшыратты. Вермахт 1 млн астам солдаттары мен офицерлерінен, 20мың зеңбірегі, 8400 танкісі, 5 мыңдай самолетінен айырылды. Шығынның көп болғандығы соншалық, 1944 жылы олардың орнын толтыруға фашистік Германияның шамасы келмеді. 5 тамыз- Қызыл Армияның жеңіс құрыметіне –Батыс, Брянск, Орталық, Воронеж, және Далалық майдандарының әскерлері Орел мен Белградты азат еткендігі үшін Москвада бірінші салют болды. |
|
23 тамыз – Далалық майданның әскерлері Воронеж бен Оңтүстік – Батыс майдандары әскерлерінің көмектесуімен Харьковты азат етті. 3 қыркүйекте -Италияның оңтүстігіне ағылшын әскерлері түсірілді. 8 қыркүйекте- Оңтүстік майданының әскерлері Сталино қаласын азат етті. Италия тізе бүкті. 9 қыркүйекте Италияда ұлт-азаттық комитеті құрылды. |
|
16 қыркүйекте- Солтүстік – Кавказ майданының әскерлері Қара теңіз флотымен бірлесе отырып Новоросийскіні азат етті. 17 –не Брянскіні азат етті. 25–26 қыркүйекте Далалық және Оңтүстік- Батыс майдандарының әскерлері Смоленскіні азат етіп, Днепрден өте бастады. Белорусияны азат ету басталды. 6 қарашада- 1-ші Украин майданының әскерлері Украинаның астанасы Киевті азат етті. |
|
Курск шайқасы (5 шілде – 23 тамыз 1943 жыл) өзінің ауқымы, техникалық және адам күші, арасалмағы, қорытындысы мен әскери — саяси салдары жағынан Екінші дүниежүзілік соғысындағы шешуші шайқас. Соғыс тарихындағы ең ірі танк шайқасы да болып өтті. Бұл шайқаста 2 млн. ға жуық әскер, 6 мың танк, 4 мыңға жуық ұшақ қатысты [2]. Кеңестік және ресейлік тарихнамада шайқасты 3 кезеңге бөледі: Курск қорғаныс операциясы (5–12 шілде), Орел (12 шілде – 18 тамыз) және Белгород – Харьков (3–23 тамыз) шабуылдау операциясы. Шайқас 49 кунге созылып, неміс тарапы шабуылды «Цитадель» атты қупия жоспарға негізделе отырып бастады. Уақыты 5 шілде -23 тамыз 1943 жыл, өткен жері Орталық Ресей мен шығыс Украина, қорытындысы – Қызыл армия жеңіске жетті. | |
26 қыркүйекте- Брянск майданының әскерлері Хотимск қаласын азат етті- Белоруссияны азат ету басталды. | |
10–14 қазан — Оңтүстік –Батыс майданының әскерлері Днепрдің сол жақ жағалауындағы неміс фашист әскерлерінің плацдармын жойып Запарожье қаласын азат етті. | |
«Екі ай уақыт ішінде өткен Курск, Орёл және Харьков – осы үш ірі шайқас Шығыс майданда герман армиясының күйрегенін дәлелдеді». У. Черчилль (1874–1965), Ұлыбритания премьер – министрі. |
|
28 қараша- 1 желтоқсанда Тегеранда одақтас үш держава – КСРО, АҚШ, және Ұлыбритания басшыларының конференциясы болды. | |
1943 жылдың 24 желтоқсан мен- 1944 жылдың 12 майында- Украинаның оң жақ жағалауы мен Қырымды азат ету жөніндегі операциялар жүргізілді. | |
Желтоқсанда – 1-ші Украин майданының әскерлері Киевті қайта басып алуға әрекеттенген жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берді. | |
Көптеген қазақстандықтар Курск шайқасында Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс – фашист әскерін жеңуге зор үлестерін қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл – әрекеттері үшін 73 – гвардиялық атқыштар дивизиясының 7500 жауынгері мен офицерлері КСРО орден – медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Солардың бірнешеуінің аты – жөніне тоқталуды жөн көрдік. Олар – Дәулетбаев Амантай Кеңес Одағының Батыры (24.12.1943); Бреусов Владимир Ефимович (19.04.1945); Игишев Георгий Иванович (07.08.1943); Камалдинов Фарах Гимдеевич (27,08,1943); Колбасов Николай Илларионович (22.02.1944); Луганский Сергей Данилович (02.09.1943); Мартехов Василий Федорович (26.10.1943); Мухамадиев Хамза Мурсалимович (27.08.1943); Окороков Матвей Петрович (23.09.1943) т. б. | |