ОҚИҒАЛАР ТАРМАҒЫ

Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңі артта қалды. Соғыстың барысында туған түбегейлі өзгеріс жылы да өтті. Соғыстың жаңа, үшінші кезеңі – жауды Кеңес жерінен түгел қуып шығып, бағытты Батысқа – Еуропаның езілген халықтарын азат ету. Фашистік Германияны күйрету кезеңі басталды.

Елде патриоттық өрлеу туды. Бұл халық бұқарасының еңбектегі және саяси жоғары белсенділігінен айқын көрінді. Кеңес халқы партия мен үкіметтің барлық шараларын қызу қолдап отырды. Жұмысшылар, колхозшылар мен интеллегенция еңбек өнімділігін арттырды.

Қорғаныс қорына ерікті түрде ақшалай қаржы жинау көбейді. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұран халқымыздың өмірінен мықтап орын алды.
Кеңес Одағы 1944 жылдың қысы мен көктемінде өзінің экономикалық күш-қуатын үздіксіз арттыра берді. Соғысқа керекті өнімдер шығарудың көрсеткіштері күрт жоғары көтерілді. Бірінші жарты жылдықта 16 мың самолет, 14 мыңға жуық орта және ауыр танк пен өздігінен жүретін артилерия қондырғысы,76 мм және одан да жоғары калибрлі 26 мың зеңбірек (зенит зеңбірегінсіз), 90 млн. астам снаряд, авиабомба, мина өндірілді.
1941–1942 жылдары республикаға 408 мың Волга бойындағы немістер депортацияланды. 1943–1944 жылдары ешбірдәлелсіз басқыншыларға дем берді деп айыпталған Солтүстік Кавказ халқы да жер аударылды. Олардың ішінде Қазақстанға депортациялауға қарашайлар- 45,5 мың адам, балкарлар-25 мың, чешендер мен ингуштар 406 мың адам душар болды. Сондай-ақ Қазақстанға қалмақтар (2,2 мың), ирандықтар (2 мыңнан аса), поляктар, финдер, күрттер, қырым татарлары, түріктер, гректер, батыс беларустар мен батыс украиындықтар, литвалықтар т. б қоныс аударылды.
20 қаңтарда- Волхов майданының әскерлері Новгородты азат етті.

27 қаңтар- Ленинград қоршауы біржолата алынды. Қаңтарда- Италияда Солтүстік Италияны азат ету жөніндегі ұлттық комитет құрылды.

2 ақпан- 1-ші Украин майданының әскерлері Луцк мен Ровно қалаларын азат етті.

12 ақпан- Ленинград майданының әскерлері Луга қаласын азат етті.

19 ақпан – КСРО Халық Ком-ры Кеңесі «1944 жылы жұмысшылар мен қызметшілердің жеке, коллективтік бақша шаруашылығын одан әрі өркендетіп, жақсарту жөніндегі шаралар туралы „ қаулы қабылдады.
Еңбек майданы қаһармандарының ерлік істері қисапсыз көп! Отанға шексіз берілген кеңес адамдары жауды талқандауды тездету үшін аса зор ынта- жігермен еңбек етті. Қызыл Армияны бүкіл халықтық қолдау еңбекте ғана көрініп қойған жоқ, сонымен қатар майданға көмектеседі дегеннің бәріне біздің адамдардың мейлінше ақ ниетімен қарауынан да көрінді.

Елде барлығы 94,1 миллион гектардан астам жерге егін егілді. Ауыл еңбеккерлері көктемгі дала жұмыстарында еңбектегі ерліктің үлгісін көрсетті. Әйелдердің трактор бригадалары ерекше көзге түсті. Олар 150 мыңнан астам тракторист әйел қатысқан жарысты өрістетті. Егіннен алынған өнім қорғаныс және азат етілген аудандарға көмектесу қорына түсті.
Ауыл жастары егіс жұмыстарын жүргізуде баға жетпес роль атқарды.

“Еңбекте де майдандағыдай қимылдайық»
деген үндеу тастады. Олар майданға жәрдемді екі есе, үш есе көп беруге, елімізге ауыл шаруашылығы өнімдерін мол беруге, майдандағыларға лайық болуға шақырды.

Еңкейген қарт та, есейген жас та шаршап –шалдыға дегенді білмей егіс даласында еңбек етті. Партия мен Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығы « Қызыл Армия мен халықты азық- түлікпен, ал өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтауды айтарлықтай үзіліссіз қамтамасыз етті»деп атап көрсетті.
Соғыс жылдарында Қазақстан Республикасының қара металлургиясы ойдағыдай дамыды. Донбасты фашистер басып алғанда Қарағанды көмір кеніші соғысқа қажетті отынның 65 пайызын өндірген Қарағанды шахтерлері 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір қазды. 1944 жылы 11,2 млн тоннаға жетті.

1941–1945 жылдары Қаз. Республикасы КСРО- дағы қорғасын (85%), мыс (35%) қорыту
, полиметал және мыс рудаларын өндіру жөніндегі жетекші орынды сақтап қалды. Негізінен металл өндіру, байыту мен қорыту кәсіпорндары салынды. Соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс қызып тұрған кезде республика қара металлургияның «тұңғышы»- Ақтөбе ферроқорытпалар зауыты іске қосылды. 1943 жылы Қарағанды металлургиялық зауыты алғашқы 200 тонна көлеміндегі жоғары сапалы болат қорытып шығарды., бұл көрсеткіш 1945 жылы 4,6 мың тоннаға жетті.

Қару жарақ, көлік, киім-кешек, азық-түлікті майданға жылдам жеткізу мақсатында қысқа мерзім ішінде темір жол желілері тартылды.
«Правда» газеті 1943 жылы 6 ақпан "Даңқты қазақ халқы –Советтік Отан үшін күресте " деген бас мақала берді. Онда былай делінген: "Қазақтар майданда жауға қарсы соғысады, тылда олардың әкелері, шешелері, әйелдері майдан үшін жұмысты аянбай, жақсы істейді. Қазақстан өз жерінің барлық байлығымен, қойнауының барлық асыл кенімен майданға қуатты тірек болып отыр. Қазақстан совет адамдарына етене жақын, әрі қадірлі. Біздегілер қазақтың турашыл, ақ жарқын, ержүрек жан дүниесін, оның кішіпейілдігін, оның айнымас адалдығын жақсы көреді. "
Луганский Сергей Данилович.

(1918–1977)

Авиация генерал- мойоры. Алматыда туған. 1949 жылы Әскери Әуе академиясын бітірді. Ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. Кеңес –фин әскери қақтығысы кезінде 59 әскери тапсырма орындауға ұшып шығып, барлаушы ұшақты атып түсірді. Сол үшін өзінің бірінші марапаты – Қызыл Жұлдыз орденін алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік, Воронеж, Дала, 2–1-ші Украин майдандарындағы шайқастарға авиация эскадрилиясы командирінің орынбасары және командирі, жоюшы авиаполктің командирі болып қатыгнасты. Алматылықтар 180 мың сом қаржы жинап, ұшақ жасатып, оны С. Луганскийге сыйлады.

С. Д. Луганский 417 рет әскери
тапсырма орындауға ұшып шығып, 200 әуе шайқасына қатысты. 43 рет жау ұшағын атып түсіріп, екі рет таран жасады.

Соғыстан кейін Әскери әуе күштерінде басшылық қызметтерде болды.

Германияның экономика мен саяси жағынан дәрменсіздігі барған сайын айқын көріне түсті. Өнеркәсібі 1944 жылдың бірінші жартысында өнім шығаруды жалғастырды, сөйтіп ол шілдеде соғыс жылдарындағы дамудың шыңына жетті. Бірақ тамыз – желтоқсан көмір, электр энергиясын, болат және ауыр индустрияның басқа да маңызды өнімдерін өндіру күрт төмендей бастады.
Мәлік Ғабдуллин

(1915 — 1973 жж.)

1941—1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және « Алтын Жұлдыз» медалі де қоса марапатталады.

Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың «Правдада» жарияланған «Эпостың тууы» атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946–51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951–63) болды.
Тегеран конференциясысаяси- соғыстыңмаңызызоршешімдерін қабылдады. Олардың ішіндегі ең бастысы-1944 жылы майда Европада 2-ші майдан ашу туралы шешім. Соғыстан кейінгі бейбітшілік құрылысының бірқатар проблемаларыжөнінде державалардың позициялары анықталды. Конференция –СССР, АҚШ, және Англияның ойдағыдай қарым- қатынас жасауына мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Сөйтіп, антифашистік одақты ыдыратуға үміт артқан герман және жапон дипломатиясының тіміскі әрекетіне соққы берді.
2-ші дүние жүзілік соғыстың мерзімін қысқартуды басшылыққа алған СССР үкіметі одақтастар әскерлерінің ең алдымен Батыс Еуропаға басып кіруін талап етті. Мұны 1944 жылы май айынан кешіктірмей, десант түсіруге қолайлы уақытта жасау ұсынылды. Бірақ, Ақш пен Англияның билеп төстеуші топтарының батыс Еуропа елдерінде ұлт- азаттық күресінің күшейіп кетуінен қорқты. Олар бұл елдерде соғыстан кейін буржуазиялық тәртіпті сакқтап қалып, өкімет билігін өздерінің айтқанына жүретін үкіметтің қолына беруін қалады. Ағылшындар бұл елдерге қару-жарақтар мен соғыс материалдарын жеткізуді тежеді. Алайда, антифашистік қозғалыс қуаттаған Қызыл Армияның өзі-ақ басып алынған Еуропа жерін азат ете алатындығы мүлдем айқын болған кезде ғана Батыс Еуропада 2-ші майданның ашылғанын бүкіл дүние жүзі жақсы білді. Бірақ кеңес- герман майданы бұрынғысынша 2-ші дүние жүзілік соғыстың ең басты, нағыз шешуші майданы болып қалды.

1944 жылдың 2-ші жартысында
совет-герман майданына 59 дивизия және 13 бригада жіберілді. Мұның бәрі сөз жоқ одақтастарға көмегін тигізді.
Кеңес үкіметі Француздың ұлтты азат ету комитетін тануы, Чехославакиямен достық, өзара көмек және соғыстан кейінгі қарым- қатынас жайында Келісім жасауы сияқты саясаттық әрекеттерінің зор маңызы болды.

Кеңес үкіметі Чехословакия, Польша патриоттарының Қызыл Армиямен иін тіресе фашистік басқыншыларға қарсы шайқасына мүмкіндік туғызды.

Еуропа халықтарының ұлт-азаттық қозғалысыдамуының жаңа кезеңі басталды. Антифашистік күрес басып алған елдердің бәрін қамтыды.
Фашистік лагерьде жағдай мүлде басқаша болды. Жыртқыштардың агрессияшыл ниеттер негізінде құрылған бұл одағы 1-ші жеңіліске дейін ғана берік болып көрінді. Қызыл Армияның 1943 жылы ойсырата берген соққылары Германия мен оның серіктерінің арасында қайшылықты шиеленістірді., агрессияшыл блоктың ыдырауына жол ашты.

Фашистік Германияны оқшау қалдыру барған сайын күшейе берді, ал КСРО-ның жаңа достары көбейе түсті.

Италияның тізе бүгуіне байланысты Берлин- Рим- Токио одағының быт-шыты шықты.

Гитлершілдердің Жапония СССР-ге қарсы шығады деген үміті үзілді.
Соғыста үнемі сәтсіздікке ұшыраудың әсерінен Германияның ішкі саяси жағдайы барған сайын шиелінісе түсті. Билеп-төстеуші таптар төніп келе жатқан апаттан монополистік капиталдың үстемдігін сақтап қалуға тырысып, Гитлерден құтылмақ болды. Астыртын әрекет жасаушылар Қызыл Армия Германияның территориясына енгенге дейін Гитлерді жоюды өздеріне мақсат етіп қойды. Олар монополия мен генералитеттің фашизммен байланысы жағынан онша жаманатқа ілінбеген өкілдерінен халық бұқарасының болуы ықтимал революциалық бас көтеруінің алдын алып Англия және АҚШ-пен біржақты бітім жасайтын үкімет құруды көздеді.
3 июльде -3-ші және 1-ші Беларус майдандарының әскерлері Белорусия КСР-нің астанасы Минскіні азат етті.

13- июльде-3-ші Белорус майданының әскерлері Литва КСР-нің астанасы- Вильнюсті азат етті.

17 шілдеде Белоруссияда қолға түсіріліп, тұтқынға алынған немістің 57600 солдаты, офицері және генералы Москва арқылы конвоймен айдап жүргізілді.

28 шілде- 1-ші Белорус майданының әскерлері Бресті азат етті.
Германия армиясы 1944 жылы июльде Белоруссияда ойсыраған жеңіліске ұшырап, ал американ- ағылшын әскерлері Франция жеріне түсіріліп, плацдармдарға бекінген кезде ғана бас көтермек болды.

Гитлерге 1944 жылы шілде де оның Растенбургке жақын жердегіставкасында қастандық жасалды. Бірақ жарылған бомба көзделген мақсатқа жетпеді. Гитлершілдер қорқыныштан есін жинап алған соң астыртын әрекет жасаушыларды аяусыз жазалады.
Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлы

(1922–1914)

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1944–45) Әскери-ұшқыш, авиция генерал- майоры. Орта мектепті бітірген соң аэроклубқа кірді. Саратов және Чкаловтағы ұшқыштардың әскери- авиациялық училищелеріне оқыды. 1940 жылдан 1956 жылға дейін Кеңес Армиясында қызмет етті. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан бастап қатынасты. 144 – гвардиалық шабуылшы авиациялық полктің құрамында Калинин, Воронеж, Далалық, 1-ші,2-ші Украина майдандарында соғысты. Украина, Польшаны азат ету, Берлинді алуда ерлік көрсетті. Соғыс жылдарында Т. Бигелдинов 300-ден астам әскери тапсырмалар орындауға ұшып шығып, 7 жау ұшағын атып түсірді. Ондаған танк, зеңбіректер мен басқа да әскери техниканы жойды. 1968 жылы Мәскеудегі инженерлік- құрылыс институтын бітірді.

Азаматтық авиацияның қазақ басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан автоәуесқойлары қоғамы орталық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Т. Бигелдинов «305 рейд»1966 ж. « Ил- дер шабуылдауда» (1966 ж.), «Аспандағы айқас» (1967 ж.) кітаптарының авторы.
1944 жылдың жазында кеңес-герман майданында күрделі өзгерістер болды.

Қыста және көктемде Қызыл Армияның солтүстік батыс пен оңтүстік- батыстағы пәрменді шабуылы, неміс- фашист әскерлерінің адамдары мен соғыс техникасын орасан зор шығынға ұшыратты.
Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі 1944 жылдың жазында Қарулы Күштердің алдына ірі саяси мақсат пен одан туатын батыл стратегиялық міндеттер қойды. Қызыл Армия бүкіл совет жерін басқыншылардан тазартуға тиіс болды. Оның үстіне, ол Польшаның, Чехословакияның және басқа да еуропалық мемлекеттердің халықтарын фашистік бұғаудан азат ете бастауға кірісуі керек болды.
18 тамыз- Бухенвальд тұтқындар лагерінде фашистер Германия жұмысшы табының көсемі, халықаралық коммунистік қозғалыстың көрнекті қайраткері – Эрнест Тельманды өлтірді.

19–25 тамыз – Парижде көтеріліс болды. Қала неміс-фашист басқыншыларынан азат етілді.

23 тамыз- Румынияда антифашистік көтеріліс басталды.

24 тамыз- 3-ші Украин майданының әскерлері Кишинев аймағында жаудың ірі тобын қоршауға алып, жойып жіберді.

31 тамыз- — 2-ші Украин майданының әскерлері Румынияның астанасы Бухарестке кіріп, қаланы азат етті.
3 қыркүйек- Ағылшын әскерлері Бельгия патриоттары азат еткен Брюсельге кірді.

19 қыркүйек –СССР мен Ұлыбритания Финляндиямен уақытша бітім жасасу туралы келісімге қол қойды.

22 қыркүйек- Ленинград майданының әскерлері Балтық флотымен бірлесе отырып Эстония ССР- нің астанасы Таллинді азат етті.

13 қазан – 3-ші және 2-ші Прибалтика майдандарының әскерлері Латвия ССР-нің астанасы- Риганы азат етті.

17 қараша- Албанияның Ұлт-азаттық армиясы елдің астанасы Тирананы азат етті.

28 желтоқсан- Венгрияның уақытша ұлттық үкіметі Германияға соғыс жариялады.
Павлов Иван Фомич

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры
(1944–45)

1944 жылдың 4 ақпанында, 23 ақпанда 1945 жылы 2-ші Алтын жұлдыз медалімен марапатталды.
Леонид Игнатьевич Беда

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры

Әскери тапсырмалар орындауға 212 рет ұшып шығып, жау ұшағын атып түсіреді.

1-ші Алтын Жұлдыз медалін Қырымды азат еткені үшін, ал 1945 жылы 29 маусымда 2-ші Кеңес Одағының Батыры атағын Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін береді.