ОҚИҒАЛАР ТАРМАҒЫ

1945 жыл. Ол Кеңес адамдарының жүрегіне, дүние жүзіндегі барлық халықтардың жүрегіне үміттің қаншама жарқын нұрын септі десеңізші!

1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің ұлы жеңістерімен және тыл еңбеккерлерінің қаһарман ерлі істерімен белгілі болды. Мұның өзі фашистік агрессор жуырда талқандалады, жер бетінде бейбітшілік тағы да салтанат құрады деген кәміл сенімді нығайта түсті.

Фашистік басқыншылармен күрестің негізгі ауырпалығын бұрынғыша өз мойнымен көтерген кеңес халқы толық жеңіске тез жету үшін барлық күшін салды. Халық шаруашылығының барлық саласында қажырлы жұмыс жүріп жатты. Еліміздің тылы майданды майданды қару- жарақпен, оқ- дәрәмен, жабдық- саймандармен, азық- түлікпен жеткілікті мөлшерде жабдықтап отырды.

1945 жылы ҚСРО-ның халықаралық беделі өлшеусіз өсті. Оның басқа елдермен- гитлершілдерге қарсы коалицияға қатысушылармен – ынтымағы барған сайын өрістей түсті. Фашистерге қарсы коалицияны нығайту СССР-дың сыртқы саясатында бұрынғысынша ең басты міндеттердің бірі болды.

Кеңес Қарулы Күштерінде 1945 жылдың қаңтарына қарай 11 556 мың адам болды, яғни 1944 жылдың бас кезінде қанша болса, сонша еді. Майдандағы армияда 6 милиондай адам, 91 400 зеңбірек пен миномент, 2993 реактивті қондырғы, 11 мыңдай танк пен өздігінен жүретін артилерия қондырғысы, 14 500 солғыс самолеті болды.
Жау жағындағы жағдай бұған мүлде қарама- қарсы болды. Фашистік блоктағы ең басты ел қатаң дағдарысқа дұшар болып, біржолата күйреудің алдында ғана тұрды. Гитлерлік Германияның совет- герман майданында осы уақыт ішіндегі жалпы шығыны 1 млн. 600 мың адам, 6700 танк, 2800 зеңбірек пен миномет, 12 мыңнан астам самолет болды. Неміс – фашист армиясы адам мен соғыс техникасы жағынан өте тапшылық көрді.

Германияның соғыс – экономикалық қуаты көп төмендеп кетті. Фашистік армия бұрын өздері басып алған Шығыс пен Батыстағы орасан байтақ территориядан қуып шығарылғаннан кейін, Германия стратегиялық шикізаттың және азық-түліктің бай көздерін падалану мүмкіндіктерінен айырылды, соғыс- өнеркәсіп базасының да өрісі тарылды.

Егер тікелей майдандағы әскерлерді есептейтін болсақ, Кеңес Қарулы Күштері адам саны жөніненжаудан 2 еседей, зеңбіректер мен минометтер, танктер мен өздігінен жүретін артиллерия қондырғылары жөнінде- 3 еседен аса, соғыс самолеттері жөнінде-7 еседей басым болды.
12 қаңтар- 3 ақпанда -1-ші Украин және 1-ші Белорус майдандарының Висла- Одер операциясы жүргізілді.

13 қаңтарда- -25 сәуірде -2-ші, 3-ші Белорус майдандары және Балтық флоты Шығыс Пруссия операциясын жасады.

17 қаңтарда -1-ші Белорус майданының әскерлері мен Польша әскерлерінің 1-ші армиясы Варшаваны азат етті.

19 қаңтарда 1-ші Украин майданының Польшада Краков қаласын азат етті.

20 қаңтар- Бір жағынан КСРО, АҚШ және Ұлыбритания, екінші жағынан, Венгрия арасында бітім жасасу туралы келісімге Москвада қол қойды.

26 қаңтарда- Ленинградты Ленин орденімен наградтау туралыКСРО Жоғары Советі Президиумының Указы шықты.
1–17 ақпанда -1-ші Белорус майданының Әскерлері Шнейдемюль аймағында неміс- фашист әскерлерінің тобын қоршауға алып, талқандады.

3 ақпанда- 1-ші Белорусия майданының әскерлері Одерден өте бастады.
4–11 ақпанда- КСРО; АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері басшыларының Қырым конференциясы болды.
9 сәуірде- Қызыл Армияның Австрия территориясына кіруімен байланысты Кеңес үкіметінің мәлімдемесі жарияланды.

13- сәуірде- Украин майдандарының әскерлері Австрия астанасы Венаны алды.

16-сәуірден- 8 мамырда – Белорус және Украин мадандарының әскерлері Берлин операциясын жасады.


22 сәуірде- 1-ші Украин майданының әскерлері Берлин қаласының іргелерін алды.

24 сәуір мен 1 мамырда 1-ші Белорус және 1-ші Украин майдандарының әскерлері неміс-фашист әскерлерінің Франкфурт-Губен топтарын қоршауға алып, жойып жіберді.

24 сәуірде- 1-ші Белорус және 1-ші Украин майданының әскерлері Берлинді түгел қоршап алды.

1 мамырда- Кеңес жауынгерлері Рейхстагтың үстіне Жеңіс Туын тікті.
Рейхстагқа Қызыл Туды алғаш тіккендердің бірі сержант Михаил Егоров және кіші сержант М. Кантария.

Сонымен қатар Қазақстандық лейтенант Рахымжан Қошқарбаев және қатардағы Г. Булатов.

Рақымжанның майдандағы соғыстарға қатысуы мерзімді баспасөзде және көркем әдебиетте жан-жақты жазылды. Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды, Шпрееғе — соңғы сулы бөгетке және Король алаңына — «Гитлердің үйіне» бірінші болып жетті. «Бірінші» дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды. Одер өзенінен өтудегі қанды шайқастан кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Ал партия билеті аса маңызды бекіністі және саяси маңызды мақсатқа жетудің мадақтау белгісі ретінде «Гитлердің үйінде» табыс етілді. Осында «Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бүйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті.

«Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы Ж. Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық Ұшқыш- Хиуаз Доспанова.

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

Бала сүйіп, сүйікті әже атанып отырған Хиуаз апай Соғысты Берлин түбінде аяқтаған ол Жеңіс күнін Москваның Қызыл Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді. Ұлы Отан соғысының кез келген қаһарманының ерлігі мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге болады. 2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен асқан ерліктері үшін 2004 жылы ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен « Халық қаһарманы» атағы берілді.


ҚР-ның Халық Қаһарманы, Ресей Фед. -ның батыры.1938 жылы әскер қатарына шақырылып, соғыс қарсаңында Смоленск түбіндегі 42 бомбылаушы дивизияның 207- авиациялық бомбылаушы полкінде кіші сержант, әуе атқышы болған. Шайқас кезінде оқ тиіп отқа оранған ұшақты ұшқыштар жау танкілері мен автоматикалары, бензин цистерналары шоғырына қарай бағыттайды. Көп жылдар бойы бұл Гастелло-ның ерлігі саналып, экипаж хабарсыз кетті деп есептелді. Қателік 1951 жылы ұшқыштардың денесін қайта жерлеу кезінде анықталды. Тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп, 1996 жылы Батырораз Бейсекбаевқа Ресей Федерациясының Батыры, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Халық Хаһарманы атағы берілді.

Сағадат Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы Ақмола облысының Қосым ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. 1946 жылы Әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді. 1950–1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991–1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992–1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.

1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО. Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған. Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы.

Аманғалиев Бисұлтан – 1 – ші Украинмайданының танкисі. Кейін Радист болады.

Бисұлтан аға Батыс Қазақстанның Орал облысында туып, 1943 жылы ақпанда Кеңестік Әскер қатарына шақырылады. Тюмень әскери мектебінде автомат, танкты игеруді үйренеді.

1-ші Украин майданының, 228-ші танк батальоны,52 гвар. бригадасы қатарында шайқасады. Украинадан бастаған әскери жолын Берлиннен 1945 жылы қазанында аяқтайды. Үйіне 1945 жылдың қарашасында оралады.

Қазір Алматы қаласында ұл-қыздарының, немерелерінің ортасында бақытты өмір сүруде
8 мамырда - Германияның жоғарғы командованиесі өкілдері Карлхорсте (Берлин төңірегінде) Германияның қарулы күштерінің сөзсіз тізе бүккендігі туралы Актыға қол қойды. 1-ші Украин майданының әскерлері Дрезденді алды.

9 мамырда — фашистік Германияны жеңген Жеңіс Күні болды.
Міне, сол Жеңіске биыл 70 жыл! 14 майда - Югославияны неміс — фашист басқыншыларынан азат ету аяқталды.

26 мамырда
- Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Қару — жарақ шығару жұмысының қысқартылуымен байланысты өнеркәсіпті қайта құру шаралары туралы» қаулы алды. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті нің 1945жылы «темір жолдарды қайта қалпына келтіру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы шықты.
5 маусымда«Германияның жеңілуі және Советтік Социалистік Республикалар Одағының Біріккен Корольдік пен Америка Құрама Штаттары Үкіметтерінің және Француз Республикасының Уақытша үкіметінің Германия жөніндегі жоғарғы өкімет билігін өз қолдарына алуы туралы Деклорацияға» қол қойылды.

14 маусымда
Бүкіл Одақтық, Лениншіл комунистік Жастар Одағын соғыс жылдарында Отан алдындағы аса зор еңбегі үшін Ленин Орденімен наградтау туралы СССР Жоғары Советі Президиумының указы шықты. 21 маусымда - СССР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Өнеркәсіп орындарында көпшілік тұтынатын товарлар өндіру жөніндегі цехтарды қалпына келтіру туралы» қаулысы шықты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында және тылда Отаналдындағы борышынадалатқарған 3,5 мың комсомол Кеңес Одағының Батыры атанды, 3,5 миллион комсомолдың кеудесінде ордендер мен медальдар жарқырады. 1945 жылы Бүкілодақтық лениншіл коммунист жастародағы Ленин орденіменмарапатталды.

Комсомолдардың неміс — фашист басқыншылары талқандаған халық шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен үлесқосқаны ескеріліп, 1948 жылы жастародағы екінші мәрте Ленин ордені мен наградталды.
24 маусымда — Москва қаласында Қызыл алаңда Жеңіс Парады болды.

26 маусымда —
Сан — Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы қабылданды.

14 шілдеде
- КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі мен ВКП (б) Орталық Комитетінің «Өзбекстанда мақта шаруашылығын қалпына келтіріп, одан әрі өркендету жөніндегі шаралар туралы» қаулы шықты.

Берлин операциясына басшылық жасаған маршал Г. К. Жуков үшрет Кеңес Одағының Батыры атағыналды. Маршалдар И. С. Конев және К. К. Рокоссовский екірет Кеңес Одағының Батыры атағыналды. Берлин операциясына Кеңес жауынгерлермен бірге Польша әскерлері қатысты.
17 шілде — 2 тамызда - КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері басшылырының Потсдам конференциясы болды.

Конференцияда Германияның соғыстан кейінгі Құрылымы және репарация төлеуі, Польшаның шекаралары мен ішкі саяси жағдайы туралы мәселелерге тоқталуға тура келді. П. конф. — на қатысушылар Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын жою, барлық қарулы күштерін бас штабты, ұлтшыл- социалистар партиясын таратып, фаш. -тік ұйымдар мен мекемелерді жою, елдің саяси құрылысын демократиялан. — у жолмен қайта құру, басты әскери қылмыскерлерді соттау туралы келісім жасалды. 13 отырыс болды. Конференцияға қатысушы 4 мем. — т Германия тарапынан соғыс шығынын өндіріп алатын болды. Кеңес Одағы соғыстан ең ауыр зардап шеккен мемлекет ретінде 10 млрд. Долл. Көлемінде репарация алды.
Сөйтіп, П. конф. — я Соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды қарарлар қабылдады. Дегенмен конф. Шешімдері әлемде тұрақтылық орнатуға қол жеткізе алмады. Көп ұзамай Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО-мен АҚШ басшыларының дүние жүзін қайта бөлісу саясаты қырғы қабақ соғысқа ұласты.

Солдат ерлігі орденінің толықиегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар – 96 638 адам 7

«Победа» ордені 1943 жылы 8 қарашада КСРО – Президиумының қаулысымен бекітілді. Орден майдандағы тапсырманы, операцияны Кеңес Армиясы пайдасына өзгертіп, ерлік көрсеткені үшін ең жоғары Қарулы Күштер командованиясының құрамына берілді.
Ұлы Отан соғысының ардагері- Аханов Жазықбай-1917 жылы дүниеге келген.

Құрметті ардагер жерлесіміз- Кеңес Армиясының Украин майданының құрамында болып, неміс- фашистеріне қарсы соғыстың соңына дейін шайқасты. Жаяу әскер полкінде, Г. К. Жуков штабында қорғаушы болып қызмет атқарды.

Венгрия, Румыния, Чехославакия
елдерін азат етіп, Эльба өзені арқылы Берлинге жетеді. Сол жерде Ағылшын соғыс одақтастармен кездесіп, жауға бірге қарсы соғысады. 1945 жылы 17 шілдеден -2 тамызға дейін КСРО, АҚШ, және Ұлыбритания үкіметтері басшыларының Потсдам конференциясы кезінде Аханов Жазықбай аға және басқа жауынгерлермен бірге Жоғарғы лауазымды басшыларды қорғады. Г. К. Жуков штабының қорғаушысы болып, міндетін атқарды. Жазықбай ата соғысты Берлинді алумен аяқтайды.

Аға сержант. 11 орден, медальдерібар: «За освобождение Венгрии, Чехославакии», «Ұлы Жеңіс үшін» т. б..

2-ші дүние жүзілік соғыс барысында АҚШ-тың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы 1945 жылы 26 шілдеде Ұлыбритания, АҚШ және Қытай үкіметі басшыларының атынан Жапонияға тізе бүгу талабы қойылған Потсдам деклорациясы жарияланды. Осыдан кейін АҚШ авиациясы 1945 жыл 6 тамызда Жапонияның Хиросима қаласына 1-ші атом бомбасын тастады. Қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жарымжан болды.

1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына 2-ші атом бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың 1/3 бөлігі қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды. Мұны адамзатқа қарсы жасалған ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуға болады және басқа халықтар мен мемлекеттерді қорқыту мақсатын көздеген әрекет саналады.

1945 жылғы 9 тамыз – одақтастық міндетте мелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғыошағы Жапония ғақарсы соғыс басталды. Қиыршығыста Жапонияния ғақарсы соғысқа аттанға нәскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери — әуекүштерінің 12 — шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі, көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғытамыздың 10 — ында Гастэллоның ерлігін қайталады.

Жапония ғақарсышай қастарға Ақтөбеде құрылған 74 — жеке теңізатқыштар бригадасының негізінде ұйым дастырылған 292 — атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрініңдаң қыншығарды. Забайкалье сонансоң 1 — Қиыр Шығысмайдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129 — миномет полкішайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсет кені үшін 2027 — жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соныңішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияныжең гені үшін» медальдары наиеболды.
14-Тамыз КСРО мен Қытай арасында достық және одақтасу туралы келісімге қол қойды.

18 тамыз – 1 қыркүйек
2-ші Қиыр Шығыс майданы мен Тынық мұхит флотының Курил операциясы жасалды.

22–24 тамыз
- Кеңес авиадесант пен Қиыр Шығыс майданының әскерлері Порт- Артур мен Пхеньянды азат етті.

1 қыркүйек- Кеңес әскерлері Жапонияның Квантун армиясын түгелдей қарусыздандырды.
2 қыркүйек- Жапония сөзсіз тізе бүккендігі туралы актыға қол қойды.

Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды.


3 қыркүйек- Жапонияны жеңу жөнінде Жеңіс мерекесі болды.


Ұлы Отан соғысында ғыерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағыналғандар:

1. Барлығы-КСРО-11600адам;
2. Қазақстандықтар-497, оныңішінде қазақтар-97;
3. Қазақ қыздары-2адам.

Екімәртебе Кеңес Одағының Батыры атағыналған қазақстандықтар:
Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.

Үшмәртебе Кеңес Одағының Батыры атағыналған: И. Н. Кожедуб —
Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
.
Ұлы Отан соғысының қаһарлы күндері, жауынгер ерліктері Ешқашан, Ешуақытта Ұмытылмайды!

Ұлы Жеңіске- 70 жыл!
.
ЖеңістіңТарихимаңызы.

1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңу денегізгіең бексіңірген Кеңесхалқы.

2) Кеңес халқыөз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды.

3) Кеңесхалқы өзініңерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күші құрылды-1992 жыл 7 мамыр