Заңғар көкке бой көтерген гранит тұғыр үстінде қанатты барысты ауыздықтап мінген жас жауынгердің айбынды мүсіні асқақтайды. Алматының бас алаңында тұрғызылған «Тәуелсіздік» монументі еліміздің, қаланың біртұтас символына, қазақ тарихы, мәдениеті мен мемлекеттілігінің өткені, бүгіні және болашағы бірлігінің белгісіне айналды. Республика алаңындағы монумент қала тұрғындары мен қонақтарының көз қуанышына айналуда. Мүсіншілер: Ш. Е. Уәлиханов, А. Жумабаев, Н. Далабаев. Сәулетшілер: К. ЖМонтақаев, А. К. Қапанов | |
Тәуелсіздік монументінен фрагмент «Жер ана» бейнесі. | |
«Тәуелсіздік» монументіндегі биік тұғырдың екі жағында таға тәрізді 18 метрге созылған Қазақстан тарихын білдіретін 10 рельеф мүсінделген қабырғалар. 1-ші рельефте сақ патшасы-Томирис дәуірі мен ғасырлар тереңінен бізге жеткен сақ мәдениетін бейнелеген. | |
3-ші рельефте- ХҮ ғасырда құрылған Қазақ хандығы. Тұңғыш қазақ хандары- әз Жәнібек пен Керей хандықтарының кезеңін бейнелеген. | |
5-ші- рельефте Әбілмансұрдың (Абылай хан) қалмақ нояны Шарышпен жекпе-жегіндегі жеңімпаз Абылайдың көрінісі. Халықтың бас көтеріп, Отанын қорғаудағы күресі бейнеленген. Ресей патшасының отарлауы, қазақ халқының Азаттық үшін күресі, Ұлы Отан соғысы, Қазақтың зиялы азаматтарының тәуелсіздік үшін күресі т. б. осы рельефтерде көрсетілген. | |
9- шы рельефте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Қазақ жастарының Қазақстан егемендігін талап етіп шыққан саяси шеруі. | |
10-шы рельефте ҚР-ның Тәуелсіздігін жариялау. ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ант беру сәті бейнеленген. | |
Елбасы Н. Ә. Назарбаев портреті. Суретші: К. Муллашев. | |
«Бостандық шұғыласы» 2006 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің бастауымен салтанатты түрде ашылды. Бұл монумент Алматыда ғы 1986 жылы 17–18 желтоқсандағы оқиғаға қатысқан жастарға арналған ескерткіш. Саяси, бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарының ұзақ жылдарға созылған үнсіздіктен соң ашық дауыс көтеруге мүмкіндік берген демократия жолындағы алғашқы қадам болды. 1991 жылы 12 желтоқсанда ҚР Президентінің «Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығы шықты. Ескерткіш авторлары және дизайнер Т. Сүлейменов. | |
«Біздің Астана» Суретші: В. Семизоров. | |
Астана –"Бәйтерек" монументі. Астана-"Бәйтерек" монументі Қазақстаннан тыс алыс жерлерде де белгілі. Мұндағының бәрінің де рәміздемелік мәні бар- басындағы алтын күн. 97 метрлік биіктігі, үш негізін бейнелейтін ішкі сәулеті. Металдан шыны мен бетоннан жасалған бұл бәйтерек сәулеттік ойы жағынан бірегей және орындалуы жағынан ғаламат: биіктігі 105 м, салмағы 1000 тоннадан асатын металл құрылма бес жүз қадаға орналастырылған. Әлемде алғаш рет түсін күн жарығана байланысты өзгертіп отыратын «хамелеон „ шынысынан жасалған, диаметрі 22м және салмағы 300тонна шар рекорттық биіктікті алды. Жас астананың үстінен көкке бой ұсынған ол жаңарудың сәулеттік рәмізі, Астана мен Қазақстанның рәмізі ретінде қызмет етеді. Авторлары: А. Рустембеков, С. Базарбаев. | |
“Қазақ елі» монументі. Астана қаласы. Монументте Қазақстан халықтарының достығы, елдің дамуы, 91 метрлік тұғырдың жоғары бөлігінде киелі самұрық құстың тәуелсіздік пен бостандықтың мерейлі белгісі ретінде көрсетеді. Қазақ халқының тарихына алтын әріппен азаттық үшін күрескен батырлардың есімдері жазылған тақта бар. Авторлары: Сәулетші: С. Бөкебай, Суретші: С. Смагулов | |
Астана қаласының 10 жылдығына орай « Қазақ елі» монументі нің ашылуы болды. Қазақ халқының ұмытуға болмайтын күрделі де қиын тарихи кезеңін еске түсіретін жаңа сәулет өнерінің құндылықтарының бірі. Монументте Қазақстан халықтарының достығы, елдің дамуы, 91 метрлік тұғырдың жоғары бөлігінде киелі самұрық құстың тәуелсіздік пен бостандықтың мерейлі белгісі ретінде көрсетеді. Қазақ халқының тарихына алтын әріппен азаттық үшін күрескен батырлардың есімдері жазылған тақта бар. Авторлары: Сәулетші: С. Бөкебай, Суретші: С. Смагулов. | |
Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті. Мешіттің күмбезі «Хазірет Сұлтан» мешіті – Қа¬зақстан бойынша ең үлкен күм¬безді мешіт. Оның биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Ал бұл күм¬бездің жиегіндегі 8 күмбездің әрқайсысының ені 7,6 метр, ал вестибюль күмбезінің ені 15,2 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олар¬дың әрқайсысының биіктігі 77 метр. Сипаттамасы Имандылық ордасы үш қа¬бат¬тан тұрады. Әр қабатта ғиба¬дат¬хана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құ¬ран оқуға және оқу ағарту-шы¬лық топтың сабақ оқуына ар¬нал¬ған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көр¬сету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері ор¬наласқан. Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған. [8] |
|
« Барыс» Астана қаласы. 1998 жылы Есіл Өзенінің көпір жанына «Барыс місінін» Салтанатты түрде ашты. Онда жақсы ниетпен қалаға келген кісіге қақараны ашып тұрған барыстың бейнесі. Мүсінші: Т. Досмагамбетов. | |
2011 жылы 11 қарашада Алматы қаласының " Тұңғыш Президенті «саябағына Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мүсін-композициясын орнатты. Монумен ҚР-ның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Мүсінші: Шохан Тулешов. | |
» Ақ орда" Суретші: Б. Заурбекова | |
«Астана таңы» Суретші К. Әжібеков | |
2015 жылы 7 мамырда, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры – Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып сөз сөйледі, гүл шоқтарын қойды. Қоладан Құйылған ескерткіштің биіктігі- 2,5метр. Ескерткіштің авторы мүсінші: Ринат Абенов | |
Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры – Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш. | |
Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфиловқа және 28 батыр жауынгер –панфиловшылардың құрметіне арнап, «Алтын жұлдызды Кеңес Одағының Батыры» белгісі бар 28 естелік тақталар қойылған. Мемориалдың шығысындағы тақталар табиғи граниттен жасалған. | |
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 2015 жылы ақынның 80 жылдығы Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің еңселі ескерткіші бой көтерді Қазақ әдебиетінің қалам¬гері, Мемлекеттік сыйлық¬тың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің шығар-ма¬шылығы алуан қырлы десек артық бола қоймас. Хал¬қына қалдырған мұрасы мол. Поэзия¬дағы отты жырларымен бірге прозадағы елеулі еңбегі де бір бөлек дара дарынның еңселі ескерткіші Атырауда бой көтерді. Ескерткіш қаладағы көрікті нысан санатындағы Салтанат сарайы алдында еңсе тіктеп тұр. Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі тұғырымен бірге 8 метрді құрайды, ал туындының авторы – белгілі мүсінші Нұрлан Далбай. |
|
Атырау қаласында қоғам қайраткері, қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы- Фариза Оңғарсынованың ескерткіші ашылды. Мүсіннің авторы -Мұрат Мансұров. Ескерткіш қоладан құйылған, тұғырының биіктігі – 4 метр 50 см, ал ақын бейнесінің биіктігі 4 метр 10 см. Әр қабырғасында ақынның өз өлеңдерінен үзінді келтірілген. Ескерткіш Қаныш Сәтбаев даңғылында, «Renaissance» қонақ үйінің маңында бой көтерді. (2016ж.26 ақпан) |