|
Отырар шайқасы-Т. Тлеужанов салған сурет. Отырар қаласы ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала.1219 жылы қаланы басып алуға монғолдар көп әскерімен аттанды. Отырарлықтар қасық қаны қалғаншақаланы жаудан қорғады. Бес айдан асқанша жауға берілмей шайқасты. Ақырында жау қаланы тонап, қиратты. |
|
Ұлы көш. -Қ. Каметов салған сурет. Қазақтар халық болып қалыптасқанға дейін сан ғасырлық тарихты басынан кешті. Олар Ұлы даланы ежелден мекендеген тайпалармен сабақтас келді. |
|
«Томирис»-А. Дүзелхановтың салған суреті. Сақтар көптеген әлемдік тарихи оқиғаларға қатысқан. Кир шапқыншылығы кезінде сақтардың әйел патшасы Томирис билікжүргізген. Томирис Кирді жеңіп шығады. Парсы патшасының басын кесіп қан толтырған сабаға салады. |
|
«Сақ патшасы» А. Дүзелхановтың салған суреті. Ескі аңыздарға қарағанда сақтардың ішінде үш билеуші әулет болған. Олар сақтардың ата-бабасы Торғытай деген кісінің үш ұлы Липоксай, Арпоксай, Колаксайдан тарады. Осылардың ішінде Колаксайдың ұрпағы жоғары билікке ие болады. |
|
Арыстан баб кесенесі-Тарихи аса құнды мұра. Кесене ескі Отырар жұртының маңында. Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың замандасы, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы саналады. Арыстан баб кесенесі Отырар қаласыныңгүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған. |
|
Қожа Ахмет Йасауидің кешенді кесенесі. Қазақ жеріндегі тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауиге тұрғызылған кесене. Бұл кесене орта ғасырдың сирек кездесетінсәулетөнерінің ескерткіші. Кесене 1396–1404ж-ры салынған. Кесене сол кездегі билеуші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. |
|
« Ұлы Жібек жолы»-Е. Төлепбаев салған сурет. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі сауда және халық аралық қарым-қатынас жолы-Ұлы Жібек жолы деп атаған. Бұл жолдың алғашқы және басты тауар болған жібекке байланысты. (Б. з. Б. ІІ-І ғ. ғ.) |
|
«Қасым ханды»ақ киізге отырғызған «Хан көтеру»рәсімі. Т. Асықов салған сурет. ХҮІ ғасыр, Қазақ ордасының басты қарсыласы Мұхаммед Шайбаниді соғыста жеңіп шығып, Қасым хан төңірегіндегі елдермен түгел тату, бейбіт қарым-қатынас орнатты. |
|
Ағыбай батыр (1802–1885) -белгілі қазақ қолбасшысы, қырғыз манабы Орманға қарсы шайқаста айрықша ерлік көрсеткен. |
|
Бөгенбай батыр (1690–1778) Қазақ жерін жаулардан азат ету жолында ұлы жорықтарды басқарған қазақтың талантты қолбасшылыры, атақты қазақ батыры. |
|
Қарасай батыр (1598–1671) Қазақ жерін жоңғарлардан азат ету жолында ерлік көрсеткен атақты батыр. |
|
Наурызбай батыр (1706–1781) Қазақ жерін жаулардан азат ету жолында ұлы жорықтарда ерлік көрсеткен. Алматы қаласы. |
|
Абылай хан (1711–1781) –ең әйгілі қазақ хандарының және әскери қолбасшыларының бірі. 1771 жылдан Үш жүздің билеушісі. Оның қатысуымен, сондай-ақ басқа сұлтандар мен ірі рулардың басшыларының жәрдемімен 1740 жылы Орта жүздің Ресей империясының құрамына ерікті түрде кіруі жөнінде келісім шарт жасалды. Алматы қаласы. |
|
Қабанбай батыр (1692–1770) -белгілі қазақ қолбасшысы, айбынды жауынгер, оның шын есімі- Ерасыл. Ол- жоңғарларға қарсы күресте атағы шығып, Абылай ханның ту ұстаушыларының бірі болған. Алматы облысы. |
|
Есімдері бүкіл далаға әйгілі қазақтың үш ұлы билері -Төле би, Қазбек би және Әйтеке би "Жеті жарғыны "өте жақсы біліп, әртүрлі істерді қарау барысында пайдаланып, қана қоймай, көпшілікке түсіндіріп отырған. Бұл билер әділдік пен адалдықтың үлгісі ретінде танылып, дүниеге көзқарастарының кеңдігімен, білімдарлығымен, туғанға бұрмайтын турашылдығымен аттары әйгілі болды. Тәуке ханның тұсында дала өмірінің заңдары бір жүйеге түсіріліп, тәртіпке келтірілді, қатаң орындалды. |
|
Сарбаздар |