|
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда дүниеге келді. Республиканы ұзақ жылдар бойы басқарды. КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, дарынды да талантты адам әміршіл- әкімшіл жүйенің аманатына айналды. Басшылық қызмет атқарған 45 жылда, соның ішінде республиканың бірінші басшысы ретіндегі 25 жылда Қонаев Қазақстанның әлеуметтік –экономикалық және мәдени дамуына айтарлықтай үлес қосты. |
|
Көрнекті қазақ балалар жазушысы- Сапарғали Бегалиннің портреті. Суретші: Н. Нурмухаммедов |
|
Мұқағали Мақатаев (1931–1979) ХХ ғасырдағы қазақтың таңдаулы да атақты ақындарының бірі. Қазақ поэзиясын өз шығармашылығымен шыңға көтерген, сөз көркемділігі жағынан қазақ әдебиетіненерекше орын алатын тұлға. Суретші: О. Нұржумаев |
|
«Алғашқы атом ядролық жарылыс» Қазақ жерінің Семей аумағында 40 жыл бойы 500-ден астам жарылыс болды. 1991 жылы Семей полигоны жабылғанымен оның зардабын тұрғылықты халық әлі көруде. Суретші: А. Хайдаров |
|
1979 жылы желтоқсанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағына енгізілуі жүйе дағдарысын айқын танытып нұқсан келтірді. Ауғанстан аумағындағы соғысқа 21979 қазақстандық жауынгер қатысып, олардың 780-і қаза тапты.393-і мүгедек болып қалады, 22-сі хабарсыз кетті. 2003 жылы ақпан айында 28 гвардияшы – панфиловшылар саябағында Ауғанстан аумағындағы соғысқа қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды. |
|
Қазақтың атақты күйшісі Нұрғиса Тілендиевің ескерткіші. (1925–1998) Қазақтың бірегей композиторы, дирижері, домбрашы. КСРО халық әртісі. Ол 500-ге жуық музыкалық шығармалардың авторы. Киелі сахналар мен эстрадаларға 40- тан астам пьеса мен 20-ға жуық кинофильмдерге музыка жазды. Қазақ опера және балет театрының, Құрманғазы оркестрі мен Өзінің ұйымдастырған Отырар сазы оркестрінің бас дирижері болды. 1998 жылы Алматы облысында ақын Жамбыл Жабаев музейінің жанына ескерткіші қойылды. |
|
Қазақтың атақты суретшісі Әбіләқат Қастеевтің портреті. Суретші: У. Әжиев. |
|
Шакен Айманов бюсті. (1914–1970ж. ж.) Қазақтың атақты актеры, режиссер, Қазақстан халқының атақты әртісі, КСРО халық әртісі. Шәкен Айманов –қазақ киноөнерінің дамуына көп үлес қосты. Оның экранға шыққан 12 фильмі –қазақ киносының шежіресі. Тұңғыш фильмі «Амангелді ден» бастап — «Атаманның ақыры» фильмдері әртістің шығармашылық жолы. Қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға. Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының атауы – Шәкен Айманов атымен аталады. |
|
Көрнекті қазақ ғалымы Қ. И. Сәтбаев бюсті. Ақсу қаласы. |
|
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев портреті. Суретші: А. Дужнев |
|
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899–1964) Қазақтың көрнекті ғалымы, қоғам қайраткері, геолог, Қазақ ғылым Академиясын ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті. Ленин сыйлығының, КСРО мемлекеттік сыйлықтың лауреатына арналған ескерткіш Алматы қаласындағы Қ. Сәтбаев даңғылы мен А. Байтұрсын көшесінің қиылысына зәулім ескерткіші орнатылды. Авторлары: Мүсінші: Т. Досмагамбетов, О. Прокофьева. Сәулетші: А. Қайнарбаев, Б. Досмагамбетов. |
|
Манғышылақ мұнайшылары. Суретші: А. Садыханов |
|
Семей облысындағы атом ядролық полигонның жабылуына арналған монумент. 1991 жыл 29 тамызда Қазақсьан республикасының Президентінің жарлығымен Семей атом ядролық полигон жабылды. Монумент 2001 жылы «Полковничье» мекеніне қойылды. Монумент жобасының авторы: Мүсінші Шота-Аман Уәлиханов. |
|
Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Жезқазғандағы орталық металлургтер алаңына қойылған ескерткіш. |
|
|
|
Ахмет Жұбанов (1902–1968) Ақтөбе қаласы. Ахмет Жұбанов –Қазақтың көрнекті композиторы, дирижері, Қазақстан халық әртісі, қазақ музыкасын зерттеуші, көптеген музыкалық шығармалардың, оның ішінде " Абай " операсының авторы. 2006 жылы Ақтөбе қаласында облыстық филармонияның жанындағы алаңға көрнекті композиторға арналған ескерткіш қойылды. |
|
Ғабит Мүсірепов. Алматы қаласы. Қазақтың көрнекті, классик жазушысы, қоғам қайраткері, көптеген шығармалары кинофильмдерде қойылған, шет тілдерге аударылған. Жазушы Ғабит Мүсіреповке арналған ескерткіш Алматы қаласындағы Мемлекеттік Академиялық жасөспірімдер және балалар театрының жанындағы алаңға қойылған. |
|
Шәмші Қалдаяқов (1930–1992) Шамші Қалдаяқов –қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстан халық әртісі. М. Әуезовтың айтуынша Ақан сері, Біржан салдың өнерін жалғастырушы. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде қазақтың жас ұл-қыздары осы Ш. Қалдаяқовтың " Менің Қазақстаным " әнінайтып алаңға шыққан болатын. Ол қазақтың музыкалық эстрадасын байытқан, Ұлттық нақышқа келтіріп әуелеткен композитор. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторы.2006 жылы 27 қыркүйекте Шымкент қаласының көрнекті жеріне және |
|
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген көрнекті ақын, ғалым, дипломат- Олжас Сүлейменов. Авторы: Т. Досмагамбетов |