|
Қазақ халқының батыры Амангелді Имановқа ескерткіш. Алматы қаласы. Мүсінші: Ходжа Асқар- Сарыджа |
|
«Бостандық» Суретші: Б. Телжанов |
|
« Өрт шалған дала» Суретші: Н. Б. Нұрмұхамедов |
|
Суретші: М. Калимов, «Кеңес үкіметі үшін» |
|
«Жер туралы декрет» С. Романов |
|
Қазақстан 1918 жыл. К. Телжанов |
|
«Турксиб» Ә. Қастеев. |
|
Тоқаш Бокин ескерткіші. 1967 жылы Алматы қаласы Әйтеке би көшесі мен Д. Қонаев к-нің қиылысына орнатылған. Мүсінші Шота-Аман Уәлиханов., Б. Әбішев. |
|
Т. Рысқұлов,1920 жылдары Түркістан АКСР-і Орталық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы қоғам қайраткеріне арналған ескерткіш. |
|
1969 жылы Алматы қаласында Қазақстан мемлекетінің қайраткері О. Жандосовқа ескерткіш орнатты. Авторлары: мүсінші Н. Журавльев. |
|
Сәкен Сейфуллин-20–30 жылдары қазақ әдебиеті мен қоғам қайраткері, қазақ халқына еңбегі сіңген зиялы өкілдерінің бірі. 1937–38 жылдардағы жаппай қудалау мен жазалаудың құрбаны болды. |
|
Ахмет Байтұрсынов (1872–1937) Қазақтың ұлы ағартушысы. Ірі оқымысты-лингвист, тюрколог, ақын, аудармашы, көптеген оқулықтар мен әдістеме құралдардардың авторы. Халыққа қызмет етуден өмірін сарп етуші. Алматы қ. |
|
1937 жыл саяси репрессия… « Халық жаулары» тізіміне ақылды, білімді өз еліне көп еңбегі сіңген адамдар ілікті. Бұл қасіретке атақты ақын және жазушылар: Ш. Құдайбергенов, И. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин т. б. ілікті. Көптеген зиялы қауым өкілдерін тұтқындау, ату және лагерьлер күтіп тұрды. Әсіресе Кеңестік Қазақстанды құру үшін күрескен қайраткерлер репресия құрбандары болды.
31 мамыр- Қазақстанда саяси репрессия құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Мемориалдың негізгі идеясы –келер ұрпаққа қасіретті тарихи кезеңнен естелік қалдыру. Болашақ ұрпақ Алжир, Степлаг, Карлаг сияқтысталиндік тажал аумағын көрмеулері тиіс. Мемориалдың авторлары: Мүсінші БоярлинА., Мурзагелдин Т., Сәулетші-Монтахаев К., КенжетаевА., Ордабаев А. |
|
Саяси Репрессия құрбандарына ескерткіш-Мемориалы. Алматы облысы Жаналық ауылы. Бұл жерде 3 мыңға жуық қазақстандықтар атылды. Ескерткіш 2002 жылы 31 мамырда Қазақ " Әділет " тарихи –ағарту қоғамының бастамасымен ашылды. |
|
Атырау қаласындағы Халел Досмухамедовқа. қойылған ескерткіш. (1883–1937) ХХ ғасырдың басындағы зиялы қазақ демократияшыл жарқын өкілдердің бірі. Халел Досмухамедов 30- шы жылдардың саяси репресияның құрбаны. 1937 жылы атылды. Атыраудағы университеттің негізгі корпустың алдына ескерткіші орнатылды. Мүсіннің авторы Д. Бектемиров. |
|
Жаңаөзендегі саяси репрессия құрбандарына қойылған ескерткіш. 1997 жылы орнатылған. Мүсінші Д. Қалиев., Ж. Нарымбаев |
|
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Мұстафа Шоқай өмір сүрген Париждің жанындағы Ножан-сюр-Марн қаласында Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Еуропада тұратын қазақ диаспорасы мен бұқара өкілдері қатысты. |
|
Қызылорда облысында Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайға туғанына 125 жыл толуына орай ескерткіш қойылды. Шоқайдың туған ауылы – Сұлутөбедегі атаулы шараға облыс әкімі бастаған белгілі жазушылар мен тарихшылар қатысты. Дара тұлға ұлт тағдырының тарихи сын сәтінде тығырықтан шығар жол іздеп, талай тауқыметті бастан кешірді. Қазағының азаттығын аңсап, тәуелсіз өмір сүрудің өзгеше жолын іздеп, түркі әлеміне жол салды. Алайда Мұстафа Шоқай есімі мен шығармалары тек тәуелсіздік жылдарында дәріптеле бастады. Қоғам қайраткерінің туған ауылында, сондай-ақ, 240 орындық жаңа мәдениет үйі де ашылды. Ал тас мүсіні сол ғимараттың дәл алдына қойылған. |
|
Тоқаш Бокин ескерткіші Алматы обл., Іле ауданы, Ақши селосына қойылған. Тоқаш Бокин (1890–1918) – Жетісудағы 1916 жылғы қазақ хал-қының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға атсалысты. Азамат соғысы кезінде саяси күрестің құрбаны болды |
|
Амангелді Сарбаздары- Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі. (Суретші-Ә. Қастеев 1970ж.) Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер октябрьдің бас кезінде Амангелді Имановтың отрядында 5 мыңдай адам болса, 15—20 күннен кейін-ақ олардың катары 50 мың адам шамасында болды. Көтерілісшілердің арасында жастар көп болатын. Көтерілісшілер-армиясының штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында болды. |
|
Ғани Мұратбаев ескерткіші: Ғ. Мұратбаевқа ескерткіш Достық даң. мен Сатпаев көш. қиылысында Орта Азия мен Қазақстанның комсомолын ұйымдастырушы Ғани Мұратбаевқа (1902–1925) ескерткіш Ленин даңғылы (Достық) жəне Қ. Сəтбаев көшесі қиылысында 1985 жылы орнатылды. Ғ. Мұратбаевтың қола мүсіні мүсіншілер: Т. С. Досмағанбетов, О. Г. Прокопьеваның үлгісі бойынша жасалып, гранит тас тұғырына қондырылған. (Сəулетшілер Ш. Ы. Уəлиханов, А. С. Қайнарбаев). Тұғырда «Ғани Муратбаев» деп жазылған. Ескерткіштің биіктігі 3,7 м. Ол 1918 жылы Қазақстандағы тұңғыш комсомол ұйымын құрды. Сол ұйымның басшысы ретінде ол үйсіз-күйсіз қалған адамдарға көмектесіп, құжаттарын дұрыстап, аш-жалаңаш жүрген жетім балаларды интернатқа орналастарып, оларды қоғамдық жұмыстарға тартқан. 1921 мен 1924 жылдар аралығында Мұратбаев Өзбекстан, Тәжікстан, Түркімен, Қырғыз республикалары мен Қазақстанның оңтүстік аумақтарының жастар ұйымдарын біріктіретін Түркіменстан ОК комсомолының бірінші хатшысы болып қызмет атқарған. Осы аралықта 1921 жылдың наурыз айында Ташкент қаласында «Жас Алаш» газетін ұйымдастырып, өзі оның тұңғыш редакторы болды. |
|
Әліби Жангелдин, Алматы қ. Әліби Жангелдин (1874–1953 ж. ж.)- Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуда белсенділік көрсетуші, күрескер. 1920жылдары Қазақстан мемлекеттік қызметкеріболған. 1975 жылы Алматы-1 темір жол вокзалына орнатылған ескерткіштің биіктігі 12 метр. Ескерткіштің авторлары: Сәулетші Ш. Уәлиханов, мүсінші Т. Досмагамбетов, О. Прокопьевская |