|
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы-Алматыдағы көрікті орындардың бірі. Оның негізі ХІХ ғасырдың 70 жылдары Верныйдың құрылысы жүріп жатқан кезде қаланды. Аумағы 18 гектарға жуық. 1975 ж. саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді қорғау кезінде 316-шы атқыштар дивизиясына қарасты 1075-шіполктың 28 жауынгері көрсеткен ерлігі құрметіне «Даңқ» мемориалы ашылды. Мүсіншілері: В. В. Андрюшенко, А. Е. Артимович. Сәулетшілер: Т. Қ. Бәсенов, Р. А. Сейдалиев, В: Н. Ким. |
|
Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіші. 2000 жылы Алматы қаласына орнатылған ескерткіш авторлары: Мүсінші-Сатыпалдин К. Сәулетші: Т. Ералиев., С. Баймағамбетов. |
|
Мәскеу қаласын қорғаушы- панфиловшылар. Суретші: Н. Наседкин |
|
2001 жылы 9 мамырда Астана қаласында « Отан қорғаушылар» атты ескерткіш- мемориалы салтанатты түрде ашылды. 40 метрлік қабір тасының алдындағы мәңгі от Алматыдағы 28 панфиловшылар паркінен әкелінді. |
|
Алматыда Кеңес Одағының Батары, генерал -майор И. В. Панфиловтың ескерткіш- бюсті 1968 жылы орнатылды. Ескерткіштің биіктігі- 3, 65 метр. Батыр Мәскеу түбіндегі шайқаста қаза тапты. Мүсінші: Б. Тулеков, Сәулетші: Т. Басенов |
|
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткіші.1960 жылы Ақтөбе қаласындағы көрнекті жерге орнатқан. 2005 жылы 23 қыркүйекте мемориалдың салтанатты ашылуы болды. |
|
Кеңес Одағының Батыры- Бауыржан Момышұлы (1910–1982 ж. ж.)ескерткіші. Тараз қаласы. Ұлы Отан соғысында ерлігімен аты шыққан халық батыры. Қазақстан жазушысының шығармаларын бірнеше рет басып шығарған. Бауыржан Момышұлының ерлігін орыс жазушысы А. Бек өзінің «Волоколамск тас жолы» повесінде айқын бейнелейді. Батыр жазушы, философ, аты аңызға айналған адамның бейнесін Тараз қаласындағы биік тұғырдан көруге болады. Өр кеуделі, қатал да әділ жауынгердің қолында қанжар. Баіуыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістің 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап қойылды. Авторлары: Мүсінші-Рустемов М., Альдеков Д., Сәулетші: Домбай С., Баекеев Н. Осындай ескерткіш Астана, Шымкент қалаларының көрікті жерлеріне қойылған. |
|
Астанадағы « Екі жауынгер» ескерткіші. 1995 жылы Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай орнатылған. Мемориал соғысқа кеткен жас жеткіншектерге арналады. Авторы: В. Пирагов |
|
Қарағандыдағы «Ерлік даңқы» обилисксі |
|
Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген ұшқыш Талғат Бигелдинов. Суретші: Б. Урманченов. |
|
Көкшетаудағы Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіші. ( 1915–1973 ж. ж.) Батыр, педагог-ғалым, философия ғылымының докторы. Ескерткіш 1995 жылы М. Ғабдуллинге арналған мұражайдың алдына орнатылған. |
|
Ақын Жамбыл Жабаевтың портреті. Суретті салған Н. Крутильников. |
|
Жамбыл Жабаев ескерткіші. Тараз қ. 1961 жылы ақынның 115 жылдығына арнап орнатқан. Авторлары: Мүсінші: К. Наурызбаев, сәулетші: В. Сашенко. |
|
" Колхоздағы көктем мерекесі « Суретші: А. Мотузко |
|
Қарағанды қаласындағы »Шахтер даңқы" монументі . 1959 жылы облыс орталығының символына айналған бұл ескерткіш жұмысшы- шахтерлардың құрметіне арналған Авторы: А. Билік. |
|
« Дина Нүрпейісова мен Жамбыл Жабаев» Суретті салған А. Черкаский |
|
Ақын Жамбыл Жабаев ескерткіші Алматы қаласының Достық даңғылы мен Жамбыл көшесінің қиылысында. Мемориалдық композиция 1996 жылы ақынның 150 жылдығына арналған. Авторлары: Мүсінші: Б. Әбішев, Сәулетші: С. Баймағамбетов, Т. Ералиев, С. Фазылов. |
|
АЗТМ жұмысшысы- белсенділеріне арналған. Суретті салған-М. Калимов |
|
Алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткіш. Қарабалық поселкесі. |
|
Батыр Бауыржан Момышұлы- талантты жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры. 2010 жылы Алматы қаласы, 28 гвардия- панфиловшылар саябағына қазақ халқының ержүрек ұлына қойылған ескерткіш. Батырдың бейнесі ХХ-шы ғасырдың аңызына айналған тұлғасы дәл келтіре сомдалған. |
|
« Соколов- Сарыбай рудасы» Суретті салған Ә. Қастеев |
|
« Игерілген тың» Суретші: Ә. Қастеев |
|
«Нан» Суретші: Турсынов |
|
« КСРО –ның халық әртісі К. Байсейтованың портреті» Суретші: Е. А. Федорова |
|
Алматыдағы музыка мектебінің алдына қойылған әнші- Күләш Байсейітованың 100 жылдығына арналған ескерткіш. 2011ж. 15 қыркүйек |
|
Қаз КСР жазушысы М. Әуезов-қазақ фольклоры туралы, қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына арналған ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылыған талдайтын көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Суретші: М. Кенбаев « Шабандар тойына» Суретші: К. Шаяхметов |
|
« Шабандар тойына» Суретші: К. Шаяхметов |
|
Қарағанды 4-ші көмірразрезінің көрінісі. Суретші: А. Исмайлов |
|
КСРО халық әртісі, Күләш Байсейітова Қыз Жібек ролінде. Суретші: Г. Исмайлова |
|
Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау шатқалында дүниеге келген. Жазушы Мұхтар Әуезов қазақ әдебиеттанудың іргетасын қалаушы. Ол 1941 жылы 4 томдық «Абай жолы романының бірінші кітабын жазып, 1954 жылы басқа томдарын аяқтады.» ХХ ғасырдың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылық қутының нағыз толысқан шағында 1961 дүниеден өтті. ЮНЕСКО-ның ұйғаруы бойынша 1997 жылы бүкіл әлем халықтары жазушының 100 жылдық мерекесін тойлады. |
|
Алғашқы тың игерушілерге арналған ескерткіш. Қостанай қаласы. Суретші: М. Смирнов, А. Семенов, А. Тимошечкин |
|
2015 жылы 7 мамырда, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры – Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып сөз сөйледі, гүл шоқтарын қойды. Қоладан Құйылған ескерткіштің биіктігі- 2,5метр. Ескерткіштің авторы мүсінші: Ринат Абенов |
|
Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры – Иван Васильевич Панфиловқа арналған ескерткіш. |
|
Кеңес Одағының Батыры И. В. Панфиловқа және 28 батыр жауынгер –панфиловшылардың құрметіне арнап, «Алтын жұлдызды Кеңес Одағының Батыры» белгісі бар 28 естелік тақталар қойылған. Мемориалдың шығысындағы тақталар табиғи граниттен жасалған. |