Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монетасы айналыста болды.
XVI-XVIII ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат қөріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харриссон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.
Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғаныстық белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Үш күн өткен соң 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8ден басталып, 20 қарашада сағат кешкі 8-де аяқталып, тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығына айналымға енгізілді.
Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета – облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №2155 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
- Инвестициялық монеталар – инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— Коллекциялық монеталар – коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— Айналыста жүретін монеталар – қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар.
Елімізде инвестициялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айналысқа шығарды.
Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.
Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін «Подделка банкнот преследует по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрыншында орналасқан.
ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.