Қазақстан Орта Азияны және Еуропаның біраз жерін алып жатыр.
Жер көлемі – 2 724900 ш./км.
Жерінің үлкендігі жағынан Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін 9-орында.
Қазақстан халқының саны 17 миллионға жуық.
Қазақстанда 14 облыс, 85 қала, 167 аудан, 195 кеніш, 7684 ауыл бар.
Қазақстанда 8500 өзен бар. Ең ірілері Жайық пен Ембі. Олар Каспий теңізіне, Сырдария Арал теңізіне, ал Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері Солтүстік Мұзды Мұхитқа құяды.
Қазақстанда 7000 көл бар. Олардың ең ірілері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Бурабай.
Қазақстанға Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауларының жартысы қарайды. Оның ұзындығы 2340 км.
Қазақстан жерінде жануарлардың 1155 түрі бар. Оның 480-ні құстар.
Қазақстан тауларының біразы түсіне қарай әр түрлі болып келеді: Қаратау, Ақтау, Сарытау, Көкшетау, Алатау, Шұбартау, Торыайғыр тауы, Ұлытау, Шыңғыстау, Бұқпатау, Үйсінтау, Ерейментау, Маңғыстау, Оралтау, Саян тауы, Баян тауы, Темір тау, Кентау, Келіншектау, Қыземшектау, Текелі, Еренқабырға, Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань, Қазығұрт, Арқас, Қарқаралы, Ешкіөлмес, Арқарлы, Абыралы, Мұғаджар, Бұғыты, Сөгеті, Барлық, Арғанаты, Маңырақ т. б.
Қазақстанның өсімдік дүниесі де алуан түрлі. Қалың шалғындар мен ну ормандар да бар. Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде шырша, майқарағай, балқарағай, самырсын ағаштары өседі.
Тау алдындағы жазықтықтарда итмұрын, долана, бөріжидек бұталары, қызғалдақ кең тараған. Аласа тау беткейлері қайың, тобылғы, алма, өрік ағаштарына толы.
Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала сияқты шөлді аймақтарда сексеуіл, жиде, жыңғыл тоғайлары өседі.
Қазақстанның сирек және құрып кетуге айналған өсімдіктері мен жануарлары, құстары «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.
Еліміздің жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Бізде мыстың, қорғасынның, мырыштың, кадмийдің, бір сөзбен айтқанда, периодтық кестедегі барлық элементтердің мол қоры бар. Хром кендері жөнінен Қазақстан дүниежүзінде бірінші орынға ие. Марганец кені жөнінен әлемде үшінші орынға ие. Өндірістің жетекші салалары – түсті және қара металлургия. Қазақстан вольфрам қоры жөнінде де әлемде бірінші орынға ие.
Қазақстан энергетика және минералды шикізаттың барлық қорына ие. Тас көмір қоры да мол. Көмір өндіретін ең ірі аудандар – Қарағанды мен Екібастұз.
Байқоңыр- бүгінгі таңда халықаралық ғарыш айлағы. Одан әр түрлі елдердің ғылыми және коммерциялық зерттеу бағдарламалары бойынша Жердің жасанды серіктері, сондай-ақ АҚШ, Германия, Франция, Үндістан ғарышкерлерінің интернационалдық құрамы мен ғарыш кемелері ұшырылды. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері, ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т. б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін зауыттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т. б. жатады.
Әлемде тұңғыш рет Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Жобаның архитекторы – британдық Норман Фостер. Бейбітшілік және келісім сарайы пирамида үлгісімен салынған. Пирамиданың биіктігі 25 қабаттық ғимарат деңгейлес. Пирамиданың табан қабырғасының ұзындығы 62 м. Пирамидаға кіретін есік жердің астында орналасқан. Кешенге 1500 орны бар опера залы кіреді. Сарай ішінде 32 дін өкілдеріне арналған офистер және сыйыну орындары бар. Екінші қабатында 200 орындық Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі өткізілетін конференц-зал орналасқан.