Б. з. б. VII – VI ғасырлар Қазақ жерінде тайпалық одақтардың құрылуы. 
Б. з. б. IX – VІ ғғ.  — сақ тайпалары мәдениетінің ерте кезеңі. 
Б. з. б. VIII – VII ғғ.  — көшпелілердің Ишпакайдың, одан соң оның ұлы Партутдың басшылығымен Ассирия, Египет елдеріне жорығы. 
Б. з. б. VII – V ғғ. — Орталық Азия сақтары мәдениетінің гүлденуі
Б. з. б. V ғ. — «Есік» қорғаны
Б. з. б. VII – I ғғ.  — Орталық Қазақстан далаларындағы «Тасмола» мәдениеті
Б. з. б. 530 жыл – Ахеменидтік патша Кирдің сақтарға қарсы жорығы. Кирді Сыр бойында Томиристің өлтіруі. 
Б. з. б. 519 -518 жж. — Ахеменид әулетінен шыққан қолбасшы I Дарий патша сақтар еліне жорыққа шықты. 
Б. з. б. 500 жыл – Хаоварга сақтар және дахалар грек- парсы соғыстарына парсылар жағында қатысты. 
Б. з. б. 340 жыл – Филипп патша Сақ басшысы Атеймен соғысып, 20 мыңға жуық жылқыны қолға түсірді. 
Б. з. б. 330 – 327 жж.  — Александр Македонский Дарийді жеңіп, Сырдарияға дейін жетті және көшпелілерден жеңіліске ұшырады. 
Б. з. б. 325 жыл – Массагеттердің ауыр атты әскері Македонскийдің Индияға жорығына қатысты. 
Б. з. б. 238 жыл – Аршакидтер (даялар) Иранда жаңа империя – Парфян патшалығын құрды. 
Б. з. б. IV ғғ. – б. з. III ғ.  — Ғұндардың тайпалық бірлестігі
Б. з. б.XIII- III ғғ.  — Ғұндар тарихының аңызға айналған кезеңі. 
Б. з. б. 205 – 202 жж.  — Орта Азиялық көшпелі тайпаларды біріктіру үшін Мөденің күресі. 
Б. з б. 200 жыл – Қытай императоры Гао-Дидің ғұндар еліне жорығы және оның Байтен тауларында жеңіліске ұшырауы. 
Б. з б.190–176 жж.  — б. з б. 165 жылы Мөденің мұрагері Лаошань шаньюй юечжилер қолбасшысымен қоса өлтірілді, аман қалғандары Орталық Азияға көшіп, Кушан патшалығын құрды. 
Б. з б. 188 жыл – Хуннулар (ғұндар) мен Қытай арасындағы соғыс Қытай әскерлерінің жеңілуімен аяқталды. 
Б. з б.133 жыл – Ғұн – Қытай соғыстарының жаңа кезеңі
Б. з б.90 жыл – 70 мыңдық Қытай армиясы Янжинь қаласының жанында жеңілді. 
Б. з б. 71 жыл – Көшпелі халықтар – динлиндер, үйсіндер, ухуаньдар ғұндардың үстемдігіне қарсы шықты. 
Б. з б. 48 жыл – Империяның оңтүстікке және солтүстікке бөлінуі. 
Б. з б.I ғ.  — ғұндардың Батысқа қарай жылжи бастауы. 
Б. з-дың.367 – 566 жж.  — ақ ғұндар империясының өмір сүру уақыты
Б. з-дың 375- 376 жж. — ғұндар гот тайпаларын жеңіп, Рим империясының шекараларына қарай жылжыды. 
Б. з-дың 375–469 жж.  — Батыс ғұн империясының өмір сүрген уақыты. 
Б. з-дың 437 жылы — ғұндар Батыс Еуропа аумағына жорықтар жасады. 
Б. з-дың 453 жылы — Аттиланың (Еділ) қайтыс болуы
Б. з б. III-II ғғ. — б. з. V ғ. — Үйсін мен Қаңлы бірлестіктері
Б. з б. 177 жыл – Үйсіндер өз мемлекетін құрды. 
 
