Елжау би(177-104 ж.ж.б.з.д)

Елжау би үйсін елінің негізін қалаушы және басқарушысы. Әкесі Нәнди болған Үйсіндер өз хандарын «Күнби» деп атаған. Үйсін елімен көрші елдер арасында үнемі жаугершілік соғыстар болып тұрған. Елжау емшекте болған жасында оның әкесін жаулары өлтіріп кетеді. Елжау Мөденің қолында тәрбиеленеді. Мөде өзінің баласындай етіп тәрбиелейді. Елжау ер жетіп үйсіндерді басқаруға жасы жеткенде, Мөде оған жауынгерлерін басқаруды үйретті. Үйсіндер III-IIғ. басында б. з. д. Ғұндардан бөліне бастайды. Үйсіндердің бірінші астанасы Қызылқорған болатын. Елжау үйсін мемлекетінің негізін қалаушы, сонымен бірге «Ұлы Күнби» деген атаққа ие болды.

Үйсіндер Ұлы Қытай қорғаны жанында мекен еткен, кейіннен таулы Тян-Шаньды Іле өзенінің жоғарғы ағысын мекен еткен. Шығысы ғұн елімен байланысып жатты, солтүстік-батыс қаңлылармен, оңтүстік-батыс Ферғанамен байланыста болды.

Кейіннен Мөденің баласы Лаушанның арқасында бірнеше территориялар қосылды.

Мемлекетті басқарған «Күнби». Түтін саны-120 мың, әскері-188 мың800, 2 уәзірі, оң қанаты, екі әскері, бір тұтық биі, екі бас бақылаушысы болған. Жері ұлан-байтақ кең, әрі жазық, жауын-шашынды, ауа райы суық. Тауларда қалың қарағай өседі. Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы. Сонымен бірге қол өнермен, темір балқытумен, түрлі-түсті маталар тоқумен айналысуы. Олар бірнеше қанатты киіз үйлерде өмір сүрді.

Шығу бұл үйсіндердің екінші астанасы, осы жерінде Елжау өзіне үлкен сарай тұрғызды. Үйсіндердің алғашқы дамуында әскер саны 200 мың адамға жетті.

Елжау өзінің саяси жағынан да әскери жағынанда өте күшті мықты мемлекет құруды жоспарлады. Сонымен бірге көшпелі үйсін елін отырықшы елге айналдыру болды.

Елжау өзінің балаларының арасында тақ үшін күрестің туатынын түсінді сондықтанда бірінші баласы тақ үшін өлгенін көргеннен кейін, ол бірінші баласынан немересі Санжарға және екінші ұлы Елжау да таққа мұрагерлік екенін ескеріп екіге бөлінген мемлекетін екі баласына береді.

Елжау хандықты бірнеше регионға бөледі ал негізгі бөлігін өзі алады.