Өзіңді тексер
Ертедегі Қазақстан. Сақтар
1. «Азиялық скифтер» деп кімдерді атаған?
- а) қыпшақтар
- ә) сақтар
- б) моңғолдар
- в) турлар
2. Сақтар мәдениеті қай кезеңде болған?
- а) қола ғасыры
- ә) андронов мәдениетімен қатар өмір сүрген
- б) тас ғасырында
- в) темір ғасырының басы
3. Сақтардың саяси құрылысы қандай болған?
- а) әскери-саяси тайпалық одақтар
- ә) кеш феодалдық мемлекет
- б) хандық
- в) қағанат
4. «Алтын адам» қашан, қай тайпада өмір сүрген?
- а) III ғ., скифтер
- ә) б. з. б. V ғ., савроматтар
- б) б. з. б. IV ғ., сақтар
- в) I ғ., массагеттер
5. Сақтарға тән әшекей стиль?
- а) «гүлді» стиль
- ә) «аңдық» стиль
- б) геометриялық сурет
- в) полихромдық стиль
6. «Сақтар» кезеңінде (б. з. б. I мыңжылдықта) кеңінен тараған шаруашылық?
- а) көшпелі мал шаруашылығы
- ә) отырықты жер өңдеу
- б) қалалық мәдениет
- в) тоқымашылық
7. Шошақ бөрік киетін сақтар
- а) парадарайа
- ә) хаумаварға
- б) тиграхауда
- в) дұрыс жауабы жоқ
8. Сақтардың әйел патшасы
- а) Ұмай
- ә) Айша бибі
- б) Екатерина
- в) Томирис
9. Теңіздің арғы жағындағы сақтар
- а) парадарайа
- ә) тиграхауда
- б) хаумаварға
- в) массагеттер
10. Хаома сусынын дайындайтын сақтар
- а) тиграхауда
- ә) хаумаварға
- б) парадарайа
- в) исседондар