Өзіңді тексер
Ертедегі Қазақстан. Үйсін, қаңлы, ғұн, сармат
1. Үйсіндердің батыс шекарасы қай жерден өткен?
- а) Шу және Талас өзендері
- ә) Арал теңізі
- б) Каспий теңізі
- в) Шу өзені
2. Үйсіндердің жоғары билеушісі қандай атаққа ие болған?
- а) тәңірқұт
- ә) гуньмо
- б) қаған
- в) елхан
3. Үйсіндер шаруашылығының түрі қандай?
- а) егіншілік
- ә) мал және егін шаруашылығы
- б) мал шаруашылығы
- в) көшпелі
4. Қаңлылар мемлекеті туралы ең алғаш қайда айтылған?
- а) б. з. б. II ғ., парсы жазбаларында
- ә) б. з. б. IV ғ., грек кітаптарында
- б) б. з. б III ғ., Византия қолжазбаларында
- в) б. з. б II ғ., Қытай шығармаларында
5. Қаңлылар қай жерді мекендеген?
- а) үйсіндердің шығысында
- ә) Қазақстанның орталық далаларын
- б) үйсіндердің батысын
- в) Қазақстанның солтүстігін
6. Сарматтардың шаруашылығының түрі қандай?
- а) жартылай көшпелі
- ә) егін-мал шаруашылығы
- б) көшпелі
- в) отырықшы мал шаруашылығы
7. Б. з. б. "халықтардың ұлы көшіп-қонуының” басталуы қандай тайпалармен байланысты?
- а) үйсіндер
- ә) ғұндар
- б) сақтар
- в) түріктер
8. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы
- а) Мөде
- ә) Македонский
- б) Кир
- в) Дарий
9. Сармат тайпалары Қазақстанның қай өңірінде өмір сүрген?
- а) Оңтүстік Қазақстан
- ә) Батыс Қазақстан
- б) Шығыс Қазақстан
- в) Солтүстік Қазақстан
10. Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулы
- а) хан
- ә) ру басы
- б) қаған
- в) шаньюй
11. Каспи жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы:
- а) Гиркани
- ә) Дай
- б) скиф
12. Б. э. б. ҮІІ ғасырда сарматтарды-
- А) Скифтер
- Ә) Совроматтар
- Б) Сақтар---деп атаған.
13. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы-…
- А) Герадот
- Ә) Диодор
- Б) Аристотель
14. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы-
- А) сайлау
- Ә) әскери демократия
- Б) мұрагерлік
15) Сарматтардың Бесоба қорымына жерленген
- А) Батырлар
- Ә) Тайпа басшылары
- Б) Абыз әйелдер
16. Үш савромат жауынгері жерленген қорым-
- А) Бесоба
- Ә) Сынтас
- Б) Үш төбе
17. Сарматтарда көп өсірілген мал түрі
- А) түйе
- Ә) сиыр
- б) Жылқы, қой
18. Көсемнің қару жарағы, абыз асатаяғы табылған сармат ескерткіші-
- А) Аралтөбе
- Ә) Сынтас
- Б) Қаратөбе
19. Сармат шеберлері бір немесе бірнеше ағаш түрлерінен жасалған садақты желемдеді
- А) ағаш желімімен
- Ә) мұнай қалдығымен
- Б) балық желімімен
20. Атырау жеріндегі сарматтардың Аралтөбе ескерткіші табылған аудан-
- А) Жылыой
- Ә) Қарақұм
- Б) Қылсары