Күнтізбе

1925 ж. 15–19 сәуір – Қазақ АКСР Кеңестерінің бесінші съезі. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру туралы қаулы.

1925–1929 жж. — Республика астанасы – Қызылорда.

1925–1933жж. — Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин.

1926 ж. 20 мамыр – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің егіндік және шабындық жерлерді қайта бөлу туралы қаулысы.

1928 ж. - тұңғыш жоғары оқу орны – пединституттың ашылуы.

1928 ж. 27 тамыз — Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің жартылай феодал-ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеп, оларды жер аудару туралы декреті.

1928ж. 20 желтоқсан — Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің латын алфавитіне көшу туралы қаулысы.

1929 ж. мамыр – Қазақ АКСР астанасының Қызылордадан Алматыға көшірілуі.

1929 ж. — зооветеринария институтының ашылуы.

1929 ж. 1 мамыр – Түркістан-Сібір /Түрксиб/ темір жолының ашылуы.

1929–1931 жж. — Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.

1929–1933 жж. — Қазақтардың аштан қырылуы және республикадан ауа көшуі.

1930-шы жылдар – Жаппай жазалау.

1930 ж. 27 тамыз – Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің "Жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы” қаулысы.

1931 ж. — медицина институтының ашылуы.

1932 ж. ақпан – Қазақстанда: Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрылуы.

1932 ж. 8 наурыз – КСРО Ғылым академиясының Қазақстан базасының құрылуы.

1932 ж. қаңтар – Шымкент қорғасын зауытының бірінші кезегінің іске қосылуы.

1934 ж. — Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы.

1936 ж. — Қазақ АКСР-інің одақтас республика болуы.

1937 ж. — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.