Дүниеге келгені: 1879
Мақаншы-Садыр
Қайтыс болғаны: 1937
Ұлты: қазақ
Мансабы: Тарихшы, ағартушы
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М. Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М. В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
Мазмұны
XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты. Мысалы, 1905 жылы Ресей, Ә. Бөкейхан айтқандай, «тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды». Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесі жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды. Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптет арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М. Тынышбаев былай дейді: "Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі — «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады. Бұл М. Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.
М. Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады. Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды). Дума таратылған соң М. Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) — Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М. Тынышбаев — Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс — Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инжепері болып қызмет атқарды. Осы шақта инжетер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т. Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М. Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіж салып тұратынын айтады. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады.
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т. б. мақалалары жарық көреді.
М. Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты — 1916–1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200. Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М. Тынышбаев пен О. А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:
[өңдеу] Түркістан-Сібірдегі қызметі
1921–1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды.
Ал, 1925–1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды.
1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі — Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді.
1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.