Өзіңді тексер
Қазақстандағы ұжымдастыру мен Сталиндік жазалау шаралары.
1. Р. Бүкірова қандай мамандық иесі атанды?
- а) Тракторшы
- б) Шахтер
- д) Электровоз машинисі
- с) Мұнай кәсіпшілігінің аға операторы
2. 1938–1940 жылдары жаңадан қанша суармалы жер игерілді?
- а) 145 мың га
- б) 100 мың га
- д) 86 мың га
- с) 15 мың га
3. Жазалау құрбаны болған М. Төлепов қандай қызметте болған?
- а) Ағарту ісінің халық комиссары
- б) Тілші ғалым
- д) Жер ісінің халық комиссары
- с) КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы басшысы
4. Соғыс қарсаңында Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласы:
- а) Қара металургия
- б) Түсті металлургия
- д) Көмір өнеркәсібі
- с) Мұнай өндірісі
5. Қарағанды облысында 25 қоныс- обсервация пайда болды:
- а) 1931 жылы
- б) 1933 жылы
- д) 1935 жылы
- с) 1937 жылы
6. Соғыс алдындағы жылдары республика өнеркәсібінің жалпы өнімі:
- а) 70%
- б) 63,3%
- д) 50%
- с) 57,3%
7. 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне қазақ әйелдерінен қанша депутат сайланды?
- а) 300
- б) 152
- д) 116
- с) 27
8. «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түсті» деген сталиндік теорияның салдары:
- а) Жазалау шаралары енгізілді, «халық жауларын» жаппай жазалау басталды
- б) Кеңестер қызметі шектелді
- д) Жеке адам құқығы аяққа басылды
- с) Барлығы дұрыс
9. А. Байтұрсынов 1934 жылы кімнің өтініші бойынша айдаудан босатылды?
- а) А. Пешкова
- б) А. Панкратова
- д) Т. Рысқұлов
- с) Ә. Бөкейханов
10. 1940 жылы Б. Досбаева қандай ер адам мамандығын игерді?
- а) Ұңғылау машинисі
- б) Байшонас мұнай кәсіпшілігінің аға операторы
- д) Электровоз машинисі
- с) Тракторшы, Темір жолшы