Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы (15.09.1943 жылы туылған, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы) — ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан қайраткер, тың игеруші, танымал механизатор, Социолог Еңбек Ері (1975). Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы «Каменск-Уральский» кеңшарында механизаторлар даярлайтын курсты (1968), Қостанай ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1977). 1961 жылдан «Харьковский» кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен. 1972 жылы әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста 1-орынға, республикалық жарыста 3-орынға,
1973 жылы Зерноградта (Ростов облысы) бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болды. 1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жұмсақ жер жыртып, жылдық міндеттемесін асыра орындады. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі-өнеге болды. 1990 — 93 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980 — 85 жылдары КСРО Жоғары Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976). 2 рет Ленин орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.