Ғалымбаева Айша Ғарифқызы (29.12.1917 ж. т., Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік ауылы) — қазақ кескіндемешісі және кино суретшісі, Қазақстан халық суретшісі (1967). Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. Оның еңбектерінде қазақ әйелдерінің көркем бейнесі талантты және нәзік бейнеленген. Алматы көркемсурет училищесін, одан кейін Мәскеу жалпыодақтық кинематографистер институтының, мода өнері факультетін бітірген. Суретшінің кез-келген туындысынан халқының өнеріне деген ерекше махаббатты көруге болады. Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т. б. Есік қаласы) — кескіндемеші, киносуретші, Қазақстанның халық суретшісі (1967; 1961 ж. еңбек сіңірген өнер қайраткері), қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. 1943 ж. Алматы көркем-сурет училищесін (қаз. Көркемсурет академиясы), 1949 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекет кинематогр. институтының (ВГИК) сән және көркемсурет бөлімін бітірген. Шығармашылық қызметін «Махаббат туралы аңыз» (1954), «Шабандоз қыз» (1955) және «Бұл Шұғылада болған еді» (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады.
Алғашқы кескіндемелік туыңдылары:
20 ғасырдың 60-жылдары «Абай әні» кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын (Билер соты «Үйлену тойы», «Той», «Айтыс», «Кездесу», т. б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60–70-жылдар Ғалымбаева шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші «Аяққалқан», «Жайлау соқпағы», «Көне көзе», «Қобыз», «Сары алма», «Қызын апорт», т. б. пейзаждар мен натюрморттар және қазақ бейнелеу енерінің алтын қорына енген «Батыр ана» (1966), «Қазақстан әндері» (1962), «Ежелгі керамика» (1966), «Қостанай. Алтын 238 дән пирамидалары» (1971), «Бейбітшілік» триптихи ([[1975]]), «Жердің сыйы» (1978), «Береке» (1980), т. б. шығармаларын жазды. Сәндік-монументтік сарындағы композициядарды салуда Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байкалады: «Біз заманымызды мақтан етеміз» (1965), «Бір кесе қымыз» (1967; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1972); Ғарифқызы отандық көркемсурет өнерінде портрет жанрының шебері ретінде де белгілі. Оның «ұлымның портреті» (1964), «Жазушы Ғарифқызы Мұстафиннің портреті» (1965), «К. Байсейітованың портреті» (1974), «Өнер зерттеуші Г. Сарықұлованың портреті» (1975), «Актриса С. Майқанованың Ш. Уалиханов анасының рөліндегі портреті» (1976), «Актриса Х. Бөкееваның „Абай“ спектакліндегі Әйгерім реліндегі портреті» (1976), «Оралдық келін» (1978), т. б. шығармалары отандық суретшілердің осы жанрдағы үздік туындылары қатарынан орын алады. Суретші шығармаларына тән нәзік лиризм оның 20 ғ-дың 90-жылдарындағы «Қызыл раушан гүлдері», «Шұғынық гүлдер», «Жемістер мен гүлдер» туындыларында айқын байқалады. Ғарифқызы — «Қазақтың ұлттық киімдері» (1958, 1976) альбомының авторлары. Ол Алматы керкемсурет училищесінде және ҚазПИ-де дәріс оқыды.