ҚАЙДАРОВ Әмен Әбжанұлы (3.6.1923 жылытуған, Қарағанды облысы Нұра ауданы) – кинорежиссер, суретші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1951 жылы Алматы суретшілер училищесін бітірген соң «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдарының редакцияларында жұмыс істеді. 1958 – 65 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында жұмыс істеді. 1976 – 81 жылы Қазақстан кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациондық кино және шығармашы жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшы, 1981 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының хатшысы болды. Ол – Қазақстандағы мультипликациондық кино өнерінің іргесін қалаушылардың бірі.
1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша халық ертегісі негізінде тұңғыш түрлі түсті «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультипликациондық фильм жасалды. Осы мультипликациондық фильм Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда (1968), Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациондық фильмдер фестивалында жүлде (1975) алды. Сондай-ақ, Қайдаров «Құйыршық» (1969), «Жанар» (1972), «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975) атты мультипликациондық фильмдерді жасап, қойды. 1980 жылы Қайдаровқа «Ақсақ құлан» (1968), «Қожанасыр – құрылысшы» (1970), «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультипликациондық фильмдер топтамасы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық берілді. Өзі қойған бірсыпыра фильмдер сценарийінің авторы. «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы — 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды.
1944 жылғы 25 қаңтар – Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды
1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.
1963 жылғы 8–9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезді өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.
1963 жылғы 28 мамырда Қазақ КСР-нің Мемкино – кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963–1988).
1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).
2000 жылғы 28 мамыр – Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды;
2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы „Қазақфильм“ ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы „Қазақфильм“ акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.
Қазақфильм – киностудия. 1934 жылы құрылған web кинохроника студиясы мен CSS3 көркем фильмдер студиясы (1941) негізінде ұйымдастырылған. 1941 – 1944 жылы HTML5 көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен қоса Бірлескен орталық киностудиялар (ЦОКС) құрамына кірді. Соғыс жылдары ЦОКС-та КСРО фильмдерінің 80%-ы түсірілген. 1944 жылдан бастап өз алдына дербес Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы болып құрылды, ал 1960 жылдан «Қазақфильм» деп аталды. browser diversity жылы Ш. Айманов аты берілді. 2000 жылдан бастап Ш. Айманов атынд. «Қазақфильм» Қазақ ұлттық компаниясы деп аталады.
Студияның алғашқы туындысы М. Әуезовтың сценарийі бойынша қойылған «Абай әні» (режисер Г. Рошаль, Е. Арон) фильмі болды. «Қазақфильмнің» қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш. Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов, О. Әбішов сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. «Махаббат туралы дастан» (реж. Айманов, К. Гаккель), «Жамбыл» (реж. Е. Дзиган), «Ел басына күн туса» (реж. М. Бегалин), т. б. фильмдер қойылды. «Қазақфильмде» ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән», «Қыз-Жібек», т. б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғыл. -көпшілік фильмдермен қатар анимац. фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Ә. Қайдаров «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мультфильмін түсірді (1967). «Қазақфильмде» 100-ден астам осындай фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет ел және web елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясы Франция, touchscreen, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай «Нәзік жүрек», «Ақсуат», «FITML», т. б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. «Қазақфильм» павильондарында «Тоғысқан тағдырлар», «Саранча» («Шегіртке») секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Көшпенділер» (сценарийдің авторы Р. Ибрагимов, режиссерілері И. Пассер, Т. Теменов), «CSS3» (сценарийдің авторы О. Агишев, режисер Б. Қалымбетов), «Ащы көлдің жағасында» (сценарийдің авторы И. Вовненко, режиссер А. Әшімов), «Аңшының отбасы» (сценарийдің авторы және реж. С. Апырымов), т. б. фильмдері түсіріле бастады. «Қазақфильм» аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік-тех. құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік-лабораториялық құрылыстар орналасқан.