Әбіш Кекілбаев (1939 - 2015 жж.)

Кекильбаев Абиш (1939 г.)

Дүниеге келгені: 1939 жылы 6 желтоқсан

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылы, Мырзайыр

Мансабы: Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері

Кекілбаев, Әбіш (1939), — Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері. 1939 жылы желтоқсанның 6-шы жұлдызында Маңғыстау облысында Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Мазмұны:

Өмірбаяны

1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928–31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962–65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» — Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992–93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Әскери атағы — запастағы аға лейтенант.

Діни көзқарасы — «Діндар адамдардың діни наным-сенім- деріне құрметпен қараймын».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Қазақста Республикасының экономикалық гүлденіп, өркендейтініне демократиялық тұрғыдан қайта жаңғыратынына шын жүрегімнен сенемін».

Хоббиі – кітапқұмарлық және кітаптар жинау.

Сүйіп оқитын әдебиеті — «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жайлы әдеби шығармаларды оқып зерттеу және жазу».

Үйленген. 2 ұлы, 2 қызы бар.

Шығармашылығы

Аудармалар

К. Гоцци – «Туранбике ханшайым»

А. П. Чехов – «Ваня ағай»

Вальехо Антонио Буэро- «Бүгін мейрам, бүгін той»

Генрик Ибсен- «Үрей»

Л. Дарко – «Сүйіктім менің, Электра!»

У. Шекспир – «Ромео мен Джульетта»

У. Шекспир — «Кориолан»

У. Шекспир – «Король Лир»

М. Фриш – «Ғылым қуған Дон-Жуан»

Атақ-марапаттары

Қазақстанның еңбек ері

Отан ордені

Назарбаев ордені

ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі

ҚР Парламентіне 10 жыл медалі

Астана қаласына 10 жыл медалі

Құрмет белгісі ордені

Достастық ордені

Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері

Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.)

Қазақстанның халық жазушысы

Маңғыстау облысының құрметті азаматы

Қысқаша өмірбаяны

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл,, Оңды ауылында дүниеге келген.

11 желтоқсан 2015 жыл қайтыс болды (Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық пантеонында жерленді)

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002–2015).

Отбасы

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдашхимия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.


Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған «былай бол» деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы «Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар» деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды.
Анасы Айсәуле Жұмабайқызы

Қызмет жолы

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

19621965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,

1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Шығармашылығы

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» — Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992–93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Әбіш Кекілбаев (1939 - 2015 жж.)