Дүниеге келгені: 1935 наурыз
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозы
Мансабы: ақын
Тұманбай Молдағалиев (20.03.1935 жылы туған, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Жарсу» совхозында дүниеге келді — 10.10.2011, Алматы қаласы) — қазақтың біртуар ақыны. 2011 жылы қазанның 10 күні Тұманбай Молдағалиев дүниеден озды.
Мазмұны:
1956 жылы — Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
1970–1973 жылдары «Пионер» журналында жұмыс іетеді.
1970–1973 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.
1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар жөне жастар әдебиетінің бас редакциясы мен «Жалын» альманағының бас редакторы.
Тұманбай Молдағалиевтің түңғыш өлеңі «Украина қызына» 1954 жылы жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы «Студент дәптері» 1957 жылы жарық көрді.
Тұманбай Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. «Кәмила» (1960). «Көктем таңы» (1961), «Алатау қызы» (1963), «Ферюза туралы жыр» (1964), «Зулайды күндер» (1965), «Жүрегім менің сапарда» (1966) т. б. жинақтары шықты.
1967 жылы жарық көрген «Жаңа дәптер» атты кітабы үшін Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты атанды (1968). «Ескерткіш» (1969), «Шақырады жаз мені» (1970), «Жүрек ояу қашанда» (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
Оның «Қош, көктем» атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), «Хаттар» атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді.
Т. Молдағалиевтің орыс тілінде «Я — сын Семиречья» (1962), «Первая встреча» (1968), «Новая тетрадь» (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты.
Тұманбай Молдағалиев көптеген ән мәтіндерінің авторы. Оның «Құстар қайтып барады» (музыкасы Н. Тілендиевтікі), «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің» (музыкасы Ш. Қалдаяқовтікі), «Ертіс вальсі» (музыкасы Жамақаевтікі), «Шақырады көктем» (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты өнге жазылған өлеңдері халық арасында кең тараған.
Ол Байрон, М. Ю. Лермонтов, Т. Г. Шевченко, О. Туманян, С. Капутикян, К. Ғұлам, X. Ғұлям, Р. Гамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев т. б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Молдағалиевтің Абай поэзиясының идеялық — көркемдік мазмұнын, сөзім шынайылығын, тіл шұрайын сөз ететін «Ұрпаққа тілек» («Қазақстан пионері», 1971, 21мамыр) атты мақаласы жарияланды. Абай рухына арнап «Қайда барсам алдымнан» («Семей таңы», 1983, 13 шілде), «Абай ағам бастаған» (Жалын, 1985, N95) және «Абай аға аулында» (топтама, Тынық мұхит дәптері, А., 1985) т. б. өлеңдер жазды.
Т. Молдағалиевқа «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекттік сыйлығы берілген.
Ол — Халықаралық Физули сыйлығының лауреаты.
Әскери атағы — аға лейтенант.
Діни көзқарасы — мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Қазақстан қуатты мемлекет болады, халықтың жақсы тұрмыс халі өрлейді».
Хоббиі — футбол.
Сүйіп оқитын әдебиет жанры — поэзия.
Өмірлік серігі, жары — Қасымова Күлтай, үй шаруасымен айналысады.
Ұлы — Дәурен (1966 жылы туған); қыздары — Зәуреш (1959 жылы туған), Жазира (1962 жылы туған), Жанна (1964 жылы туған).