Фариза Оңғарсынова (1939 - 2014 жж.)

Онгарсынова Фариза (1939 г.)

Дүниеге келгені: 1939 желтоқсан

Манаш ауылы, Атырау облысы, Новобогат ауданы

Мансабы: жазушы

Фариза Оңғарсынова — қазақ ақыны, халық жазушысы.

Мазмұны:

1. Өмірбаяны;

2. Шығармашылығы;

2.1. Повесі «Біздің Камшат»;

2.2. Aудармалары;

2.3. Өлеңдері;

2.4. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың Фаризаға арнап жазған өлеңі.

Өмірбаяны

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.

Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. «Жүрек еенеің…» деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған: Не қасиет күтерсің бүгінгі елден, Жасқаншақтап күйеудей үрын келген. Айтар сөзін көмейге көміп қойып, Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бүл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп түрады. 1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамоталарымен, «Қүрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Шығармашылығы

Повесі «Біздің Камшат»

Aудармалары

«Жазушы»,

«Жалын»,

«Молодая гвардия»,

Өлеңдері

«Үйім — менің Отаным»,

«Маңғыстау монологтары»,

«Революция және мен»

«Жүрек еенеің…» (үзінді)

Бар сияқты менде де сана шыдам,
Жығылганды демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
Қорқам ардың айбалта — жазасынан.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың Фаризаға арнап жазған өлеңі
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресіңе.
Фаризажан, сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
… Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұңша халім… (үзінді)

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи тұлғалар
Фариза Оңғарсынова (1939 - 2014 жж.)