Өзіңді тексер
Жаңа астананың құрылуы
1. Ақмола атауы қай жылы қайтарылды?
- а) 1992 жылы
- ә) 1993 жылы
- б) 1994 жылы
- в) 1991 жылы
2. Президент астананы көшіру туралы ойын алғаш рет қашан айтты?
- а) 1992 ж. 5 ақпан
- ә) 1994 ж. 6 шілде
- б) 1993 ж. 28 қыркүйек
- в) 1995 ж. 10 маусым
3.
4. 1997 ж. 10 қазанда қандай Жарлық шықты?
- а) Дұрыс жауабы жоқ
- ә) Ақмола атауын өзгерту туралы
- б) «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы»
- в) Ешқандай жарлық шыққан жоқ
5. Елорданың атауы Астана болып қашан өзгертілді?
- а) 1997 ж. 10 шілде
- ә) 1999 ж. 23 желтоқсан
- б) дұрыс жауабы жоқ
- в) 1998 ж. 6 мамыр
6. 1998 ж. 10 шілде де қандай оқиға болды?
- а) Ақмола атауы қайтарылды
- ә) ешқандай оқиға болған жоқ
- б) Астананың халықаралық тұсауы кесілді
- в) Президент сайлауы болды
7. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына қандай атақ берілді?
- а) Әлем қаласы
- ә) Әсем қала
- б) Мәдениет қаласы
- в) ешқандай атақ берілген жоқ
8. Кімнің ұсынысы бойынша қала дамуының Бас жоспары әзірленді?
- а) Н. Ә. Назарбаев
- ә) Ш. Уәлиханов
- б) И. Тасмағамбетов
- в) Кисе Курокава
9. «Астана-Бәйтерек» монументі қашан салынды?
- а) 2000 жылы
- ә) 2002 жылы
- б) 2001 жылы
- в) 2003 жылы
10. «Қазақ елі» монументі қашан салынды?
- а) 2008 жылы
- ә) 2006 жылы
- б) 2007 жылы
- в) 2004 жылы
11. 2010 ж. 1–2 желтоқсанында Астанада қандай саммит өтті?
- а) Мұсылман елдерінің саммиті
- ә) Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетінші саммиті
- б) Экономикалық саммит
- в) дұрыс жауабы жоқ