Өзіңді тексер
Тәуелсіз Қазақстан. Желтоқсан оқиғасы (1986ж) Алматы.
1. 1986ж. желтоқсан оқиғасының болу себебі:
- а) Орталықтың өктемдігі мен демократиялық ұстанымдар арасындағы қайшылық
- б) Ұлт арасындағы қақтығыс
- д) Экономиканың төмендеуі
- с) Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделінің төмендеуі
2. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы:
- а) Партиялық басшылық қателігін түзетті
- б) Қоғамдағы экономикалық дағдарыс жойылды
- д) Саяси және әлеуметтік өмірдегі қайшылықтар шешілді
- с) Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты
3. Қайрат Рысқұлбековке 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қашан берілді?
- а)1986 жылы
- б) 1989 жылы
- д) 1996 жылы
- с) 1988 жылы
4. Әміршіл-төрешіл жүйе туғызған тоқырау құбылыстарының белгілері:
- а) Жоспарлауда республика мүддесі есепке алынбады, мәдениет ұлттық тамырдан қол үзді
- б) Қаржының көп бөлігі өндіруші салаларға жіберілді
- д) Ғылым мен ағартуды қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды
- с) Барлығы дұрыс
5. 1990 жылдары өнер мен әдебиет саласында қандай кезең болды?
- а) Идеологиялық қысым азабынан босану
- б) Шығармашылық шарықтау
- д) Төрешілдік қысым
- с) Саяси айыптар тағу
6. 1986 жылы жауапкершілікке тартылған жастарды ақтау мәселесі қашан құрылды?
- а) 1991 жылы желтоқсан
- б) 1989 жылы шілде
- д) 1992 жылы наурыз
- с) 1995 жылы тамыз
7. Республика халық шаруашылығының құлдырауы қашан басталды?
- а) 1985 жылы
- б) 1986 жылы
- д) 1990 жылы
- с) 1987 жылы
8. 1980 ж. «партиялық тәртіпті бұзушылық» айыбы кімдерге тағылды?
- а) Ұлттық қайшылықтарды күшейткендерге
- б) Партия қатарынан шығушыларға
- д) Орталықтың шешімдерімен келіспегендерге
- с) Отанын сатқан опасыздарға
9. Қазақстан Компартиясының XVI сьезі қашан болды?
- а) 1985 ж. сәуір
- б) 1986 ж. Ақпан-наурыз
- д) 1987 ж. қаңтар
- с) 1989 ж. мамыр-маусым
10. Экономикалық талаптармен қоса Семей ядролық полигонын жабу мәселесін көтерген:
- а) Теміртау қозғалысы
- б) Ақмола ереуілі
- д) Қарағанды ереуілі
- с) Жаңа өзен толқулары