Өзіңді тексер
Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның егеменді демократиялы ел болуы.
1. Қазақстан Президентінің Халыққа Жолдауы-2030 қанша бөлімнен тұрады?
- а) 3 бөлім
- б) 5 бөлім
- д) 8 бөлім
- с) 12 бөлім
2. 33 жылдан кейінгі Қазақстандықтар сипаты:
- а) Жауапты, жігерлі, білімді, денсаулығы мықты азаматтар
- б) Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары
- д) Мемлекеттің өздерінің құқықтарын қорғайтынына сенімді азаматтар, жоғары ақы төленетін, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар.
- с) Берілген жауаптың бәрі дұрыс
3. 2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан қандай үш аймақ арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы рөлін атқаратын болады?
- а) Қытай, Ресей, Мұсылман әлемі
- б) Корея, Жапония, Үндістан
- д) Америка, Ресей, Англия
- с) Франция, Германия, Канада
4. Президент жолдауындағы өзекті сөздер:
- а) Әлеуметтік, шындық, патриотизм, кәсіби мемлекет
- б) Халықтың әл-ауқатын көтеру
- д) Қоғамдық топтасу
- с) Халықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл қуатының артуы
5. Мемлект ең алдымен қандай таптың мүддесін білдіруге тиіс?
- а) Жоғарғы тап
- б) Орта тап
- д) Көк жағалылар
- с) Жұмысшылар, шаруалар
6. Президент Республикадағы демографиялық мәселелерді шешуді неден бастауды ұсынды?
- а) Шетелдегі қазақтарды көшіру
- б) Жалғыз басты әйелдерге көмек, аналарға көмек
- д) Халықтың тұрмысын жақсарту
- с) Ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкешілігін арттыру
7. Қазақстанның сыртқы саясатындағы мүмкіндіктері:
- а) Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы
- б) Халықтың білімділігі
- д) Ұлан- байтақ территориясы
- с) Табиғи ресурстары
8. Жолдауда шет елдермен байланыста неге қатты көңіл бөлу керектігі айтылды?
- а) Инвестицияға
- б) Салық жүйесіне
- д) Жеке меншік түріне
- с) Экологиялық
9. Жолдауда көрсеткендей, макроэкономиканы тұрақтандыру үшін не істеу қажет?
- а) Бағаны босату
- б) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту, қатал монетарлық және несие саясатын жүргізу
- д) Кедендік істерді реттеу
- с) Салық саясатын реформалау
10. Президентің Жолдауындағы лизинг деген не?
- а) Қымбат тұратын өндіріс құралдарын жалға алу, соңынан сатып алу
- б) Авиацияны жеке меншікке беру
- д) Әуе қозғалысының басқару жүйесін ұйымдастыру
- с) Тез арада техника мен өндіріс құралдарын алу