Өзіңді тексер
Тәуелсіз Қазақстан (1986 ж.). Қазақстан 2030. Қазақстанның 2030 стратегиялық бағытының жоспары және оларды шешу.
1. Қазақстан мемлекетінің «Қазақстан- 2030» бағдарламасы бойынша Қазақстан Еуроазияның орталығы бола отырып қандай үш аймақтың арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болды?
- а) Қытай, АҚШ, Жапония
- б) Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан
- д) Ресей, Қытай және мұсылман әлемі
- с) Иран, Пакистан, Белоруссия
2. Халыққа Жолдау бойынша Ел Президенті (2030) көркеюі және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет қандай үш белгіні белгілеп берді?
- а) Қазақстанның ұлттық бірлігі, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы
- б) Денсаулық, білім, ғылымды дамыту
- д) Адамдардың тұрмысы, үй мәселесі, экономикалық
- с) Жоғарғы оқу орындарын слу, балабақша, ауыл мәселесін шешу
3. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (2030) не туралы айтылды?
- а) Болашаққа болжам жасау
- б) Қазіргі жағдайға анализ жасау
- д) Ішкі және сыртқы саясаттың ерекшеліктері, республиканың даму ерекшеліктері
- с) Берілген жауаптың бәрі дұрыс
4. Жолдау бойынша, қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор:
- а) Жоғары білім, экология, экономика
- б) Мақсатқа жету жолындағы күрес
- д) Адамдардың ерік жігері, білімі мен күші
- с) Қоғамдастық жолда ұлттық бірлікті сақтау
5. Президент өз Жолдауында (2030) «Ресейдің соңынан біз де – демографиялық тұйыққа» түсуміз мүмкін деп нені меңзейді?
- а) Халық санының тек миграция есебінен емес, табиғи жолмен де азаюы.
- б) Халық санының келушілермен толықтыру саясаты
- д) Қазақстанды көп ұлтты мемлекеттердің қатарына жетуі
- с) Экономиканың тұйыққа тірелуі
6. Президенттің қазақ халқына Жолдауындағы (2030) пікірі бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор болды?
- а) Көліктік жолды басқа мемлекеттермен қосу
- б) Темір жол
- д) Әуе жолдарын дұрыстау
- с) Теңіз жолдарын дамыту
7. Президенттің Жолдауы (2030) бойынша Республикадағы макроэкономиканы тұрақтандыру процесі дегеніміз не?
- а) Банктерден несие беру саясаты
- б) Басқа елдерден несие алу, оны елге жалға беру
- д) Макро- микро экономиканы дамыту
- с) Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту және қатал монетарлық және несие саясатын жүргізу
8. Ел Президенті өзінің халыққа Жолдауында (2030) ақпараттық технология жүйесінде алдымен нені дамытуды ұсынды?
- а) Телевидение, баспасөзді дамыту
- б) Шығармашылық эфирлерді көбейту
- д) Шет елдерде телевиденияның дамуындағы жетістіктерді үйрену
- с) Телекоммуникациялық қызмет
9. Президент республикадағы демографиялық мәселелерді шешуді неден бастауды ұсынды?
- а) Мектептерде бала тәрбиесіне көңіл бөлу
- б) Ата- аналардың бала тәрбиесі үшін құқықтық жауапкершілігін арттыру
- д) Мемлекет тарапынан жасөспірімдерге көмек беру
- с) Ата-анамен мектеп бірлесіп тәрбиелеу
10. Президенттің пікірі бойынша халыққа арналған Жолдауында Қазақстанды гүлденуді неден бастау керек?
- а) Күшті экономика құрудан
- б) Басқа елдерден үлгі алу
- д) Жаңа қалалар салу
- с) Ауылдарды гүлдендіру