Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. — Әңгімелер. — Алматы: Жазушы, 2002. -288 бет. Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы Ғабит Мүсіреповтың бұл таңдамалы шығармалар жинағына ертеректе жазылған «Қос шалқар», «Жеңілген Есрафил», Жапон балладасы сынды әңгімелері берілді. Әңгімелерде соғыстан кейінгі кезеңді, елдің өмір, тіршілігін қызықты әәгімелейді. | |
Мұстафин Ғ. Роман. Әңгімелер. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. — 376 бет. Қазақтың тума талант, даласындай дарқан, классик жазушысы Ғабиден Мустафин шынайы өмірдің жыршысы. Оның қоғамды, тіршілікті терең саралаудан туған көркем шығармалары саф алтындай жарқылдайды. Жинаққа «Көз көрген» романы және әркезде жазған әңгімелері топтастырылып отыр. Замана келбетін, дәуір тынысын алдымызға тартатын құнды жәдігерліктер барша оқырмандарға арналады. | |
Нәжімеденов Ж. Өлеңдер мен поэмалар. — Алматы: « Ан Арыс» баспасы, 2010. — 288 бет. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сан қырлы талант иесі, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтың бұл таңдамалы жинағы осыған дейін оқырмандарға үлкен ықпал еткен өлеңдері мен поэмаларынан тұрады. Табиғаты, болмыс бітімі бөлекше, ой мәнері мәйекті. | |
Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть. -Алматы: «Ан Арыс»баспасы, 2010. — 400 б. Қазақ әдебиетіне өткенг ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам- қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы- балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суруттейтін « Жабайы алма»повесі қалың оқырманға арналған. | |
Шашкин З. Теміртау: Роман; Сенім: Роман / Ред. дайындаған қызы Г. Шашкина. — Алматы: Service Prtss, 2012. -532 стр. Белгілі қазақ жазушысы Зейін Шашкиннің таңдамалы шығармалар кітабына оның «Теміртау» (1960) және «Сенім» (1966) романдары енген. Қазақстан Магниткасының еңбеккерлері туралы баяндайтын романның бас кейіпкері- жас металургтер Дәмеш, Ораз және Қайыр. Олардың өзара қарым- қатынастары өндірістік мәселелер аясында өрбиді. Сенім романында ел мен жер тағдырына қатысты мәселелер, жерді көздің қарашығындай сақтау қажеттігі сөз болады. Зейін Шашкин тың науқаны басылмай тұрған кезде шабындық жерлерді беталды жыртудың жөнсіздігі, жердің азуы, эрозиясы секілді мәселелерді романның бас кейіпкері агроном Нұрлан Сенбиннің бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде тұңғыш көтереді. | |
Мұратбеков С. Ескек жел: Әңгімелер. -Алматы: «Раритет»,2004. -280 бет. Қаламгердің бұл кітабы өн бойы суреткерлік шеберлікке толы шынайылығымен ғана емес, біздің ортақ өмір-тіршілігіміздің өз жүрегінен өткен ақиқи шындығы болуымен де айрықша әсерлі, өрелі. Өйткені мұнда адамзаттық мұң-мүдде суреткерлік аңсар-мұратпен қабысып жатыр. | |
Мұртаза Ш. Соғыстың соңғы жесірі. Әңгімелер. -Алматы: Атамұра, 2003. — 256 бет. Қазақстан халық жазушысы Ш. Мұртазаның бұл жинағына оның әр жылдары жазған әңгімелері топтастырылған. Оларда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және одан кейінгі ауыл өмірі, адам тағдыры мен мінезінің қилы-қилы қалтарыстары, адамгершілік, достық пен махаббат және табиғат қорғау жайлы үлкен шеберлікпен шынайы бейнеленген. | |
Мұртаза Ш. Бойтұмар: Әңгімелер/. — Алматы: Раритет, 2006. — 256 бет. Жазушы Шерхан Мұртазаның қаламынан шыққан әр жылдары республика өмірі мен тіршілігінің небір зәру, небір өткір, небір қатпарларын дәуір талаптарына сай мейлінше көркем, жаңаша кестеленген романдары мен повестері, әңгімелер мен эссе лер кітап болып шықты. Жинаққа соғыс және соғыстан соңғы өмір шындықтары топтастырылған. |
Ерубаев С. Менің құрдастарым. Роман. — Алматы: Атамұра, 2003. — 1706ет. Көрнекті жазушы Саттар Ерубаев бұл романда көмір өндірісінің қайнаған өміріне терең үңіліп, жас қазақ инженерлері мен жұмысшыларының өсу жолын, ескі мен жаңаның қиян –кескі куресін суреттеген Бас кейіпкерлер Рахат пен Лиза арқылы жаны таза, адамгершілігі мол, ғашық жандардың бейнесін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсынады. Кітап көпшілік оқырманға арналған. | |
Есдәулет Ұ. Қара пима. Балаларға арналған өлеңдер. — Алматы: Қазақпарат, 2006. — 125 бет. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулеттің бұл жинағына қазақы салт-дәстүрлерді шұрайлы тілмен бейнелеген. Балаларға арналған әсерлі өлең- өрімдері және «Ана мен жолбарыс», «Қара пима» атты туындылары топтастырылған. Әсіресе «Қара пима» поэмасында баланың өксіген өмірі, ішкіліктің неге жеткізгені дәлме дәл суреттеледі. Туындыны оқыған кісі Жаман әдеттен аулақ болуға тырысары анық. Жинақ қалың оқырмандарға арналған. | |
Ескендіров, А. Қоңысы қонған қоңыр ел. Адамзаттың Аймановы жайлы толғаныс/ Абай Ескендіров, Мұрат Ахмадиев. — Алматы: Қазығұрт, 2009. — 288 б.: суретті. Бұл кітапта қазақтың даңқты киногері Ш. Айманов пен оның нұрлы істерінің, өнегелі өмірінің адами болмысыбаяндалады | |
Қазығұл, Ш. Әлем әйнегіндегі әсемдік/ Шархан Қазығұл. — Алматы: Қазығұрт, 2002. — 184 б. Бұл кітапта қазақтың даңқты киногері Ш. Айманов пен оның нұрлы істерінің, өнегелі өмірінің адами болмысыбаяндалады Қазығұл, Ш. Әлем әйнегіндегі әсемдік/ Шархан Қазығұл. — Алматы: Қазығұрт, 2002. — 184 б. Белгілі публицист-журналист Ш. Қазығұл бұл кітабына өткен ғасырдың соңғы 80-ші жылдардан бергі публицистік толғаулары топтастырылды. Автордың қоғамымыздағы кейбір құбылыстарға деген өзіндік көзқарасы, ой топшылауы да өзгеге ұқсамайды. |
|
Ниязин Ш. Домбыра Әңгімелер / Шәмші Ниязин. — Алматы Хантәңірі,2014. — 342 бет. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Автордың бұл кітабында ел мен жер, өмір, өнер иелері жайлы әңгімелері мен Қажымұқан туралы естеліктері еніп отыр |
|
Қайырбеков, Ә. Ә. Тұлғалар тағылымы Эсселер, ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат / Әділғазы Қайырбеков. — Алматы: Айғаным, 2014. — 286 б. суретті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Кітапқа қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерліктері жайлы ғылыми-зерттеу мақалалар, эсселер, ой-толғамдар және сыр-сұхбаттар енгізілген |
|
Қорғасбек, Ж. Кітапхана Шыңғысханнан Шахановқа дейін Сұхбаттар / Жүсіпбек Қорғасбек. — Алматы: Хантәңірі, 2014. — 266 б. портр. — (Замана үні). Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Жазушының жинағына халық тағдыры, ұлт тарихына қатысты белгілі тұлғалармен «Кітапхана» бағдарламасында жүргізілген сұхбаттары топтастырылған |