Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925 — 1983 жж.)

Букетов Евней (1925–1983 гг.)

Дүниеге келгені: 1925 ж. наурыздың 23 (1925—03—23) (86 жыл)

Қырғыз (Қазақ) АКСР Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданы Бағанаты ауылы

Қайтыс болғаны: 1983 ж. желтоқсанның 13

Ұлты: қазақ

Мансабы: көрнекті ғалым, техникалық ғылымының докторы (1967), профессор (1967), Қазақ КСР Ғылым Академиясының академик (1975), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1974).

Бөкетов Ебіней Арыстанұлы (1925 ж. наурыздың 23, Қырғыз (Қазақ) АКСР Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі Шал ақын ауданы Бағанаты ауылы — 1983 ж. желтоқсанның 13, Қарағанды) — көрнекті ғалым, техникалық ғылымының докторы (1967), профессор (1967), Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі (1975), КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1974).

Мазмұны:

  1. Өмірі және қызметі;
  2. Жетістіктері;
  3. Ғылыми еңбектері;
  4. Әдеби шығармалары.

Өмірі және қызметі

Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ҰТУ) бітірген (1950). 1951–1953 ж. осы институттың аспиранты. 1954–1960 ж. сонда ассистент, кафедра доценті, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1960–1972 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының Химиялық-металлургия институтының директоры (Қарағанды), 1972–1980 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры. 1980–1983 ж. Қазақ КСР ҒА-ның Химиялық-металлургия институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі болды. 1970 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланған. 1969 ж. Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бөкетов химия саласындағы жаңа бағыттың – халькогендер мен халькогенидтердің химиясы мен технологиясының негізін салған. Бөкетов мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохимиялық әдістерін жасап, Д. Менделеев жасаған Элементтердің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер аналогтарының жіктеліміне түзетулер енгізді. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеді. 50 өнертабыстың, 10 патенттің иесі.

Бөкетов сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Эссе, Қ. Сәтпаев, М. Әуезов, Ш. Уәлиханов, Д. Менделеев туралы естеліктер жазған. «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества», т. б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің «Макбет», У. Шекспирдің «Юлий Цезарь», Дж. Флетчердің «Испанский священник», Д. Маяковскийдің «Клоп» атты еңбектерін, И. Василенконың «Артемка» повесін, Э. Золдің әңгімелері мен мақалаларын аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Әуезовтің Абай шығармашылығын зерттеудегі еңбектеріне шолу жасады. «Абай жолы» ақынның ақындық қасиетін, ойшылдығын, тұлға бітімін жан-жақты аша білген сыр сандық деп бағалады. Ал «Халқымыздың мерейі мен мақтанышы» деген мақаласында Әуезовті ұлтымыздың ары мен абыройы деген («Жалын», 1972, N95).

Жетістіктері

Ол басқарған ұжым бес бірдей авторлық куәлікке ие болып, Канада, АҚШ, Австралия, Швеция, Франция, ФРГ, Жапония, Италия тәрізді елдер патент тапсырған. Осы институтта түрлі түсті, сирек және бытыраңкы металдар зертханасын ашады. Бұл Қазақстан ғылымы үшін күтпеген жаңалық еді. Өзі басқарған осы зертханада молибден, вольфрам, селен және теллур бойынша зерттеулер жүргізген. 1965 жылы еңіс торлы шахта пештерінде бір топ құрастырушы түйіршіктелген жезқазғандық концентраттарды күшейткіш күйдіруден өткізу үрдісін алғаш енгізген. Осы еңбегі үшін ол КСРО-ның авторлық куәлігіне қоса 1969 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын иеленген. Бөкетов жаңалығы Ресейдің Орал электр мыс комбинатында, Жамбылдың фосфор, Теміртаудың «Карбид» зауыттарында қолданылған. Екінші жаңалығы — флотациялық байыту сатысында бос жыныстардан айырып алуға жеңіл көнетін, тотықтандырылатын мысты сульфидтік түрге айналдыру. Соның арқасында жарамдылығы аз кендерден жоғары сапалы шикізат алынып, табиғат байлығы арта түскен. Осы екі табысы оны әлемге танытты. 1966 жылы докторлык диссертациясын ойдағыдай қорғап, төрт жылдан соң Қазак КСР ҒА-ға мүше-корреспондент, бес жылдан кейін академик болып сайланды. 1972 жылы ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған. Жаңа оқу орнының құрылысы, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік және тағы да басқа жұмыстар танымал ғалымды сырттай шаруашылық басшысына ұқсатып жібергенімен, ол қашанғы ұстамды, батыл мінезінен таймады, республикадагы екінші университетті аяғынан тік тұрғызып, жоғары білім берудегі төрт қабырғасын берік етіп қалап, атақ-даңқын биікке көтеріп берген.

1972 жылы тақырыптық жоспарға 10 жұмыс енгізілсе, арада жеті жыл өткенде 15 ғылыми бағыт бойынша 91 тақырып орындалған. Мәскеу, Ленинград, Алматы, Новосібір т. б. қалалардың жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Әдебиет саласында Ебіней Бөкетов Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын талдап, бірсыпыра туындылар жазған сарабдал сыншы. Ол студент кезінде-ақ Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Төжібаев, Ғабиден Мұстафиндердің алдында өзінің өз қатарынан артық туған асыл жанның бірі екенін дәлелдеп берген. Қарағанды университетіне ректор боп тағайындалмастан бұрын ол қара металлургия мен органикалық химияның, журналистиканың, аудармашылықтың кез келген салаеын шыр айналдыратын құдірет иесіне айналған. Сергей Есениннің «Анна Онегина» поэмасын, Владимир Маяковскийдің өлеңдерін ана тілімізде сөйлеткен тамаша аудармашы, өйткені ол өзі де көкірегі тұнып тұрған ақын болатын. Артына «Алты хат» атты көркем әңгіме-хикаялар жинағын қалдырған. Өзімен араласқан, қызметтес болған адамдардың естеліктеріне сүйенсек, ғалымның хоббиі бильярд ойыны болған, музыканы ерекше жақсы көрген. 1990 жылы АҚШ ғалымдары аепанда жаңадан табылған жұлдызды «Бөкетов-Баешов жұлдызы» деп атапты. Баешов — бүгінгі күні Түркістандағы қазақ-түрік университетінің профессоры. Ебіней Бөкетовтың шәкірті. Екеуі бірігіп, химия саласында жаңалық ашқан. Бірақ, академик бұл әдістің халықаралық тұрғыда қуатталғандығын естімей кеткен. Е. Бөкетов — 70-тен астам авторлық куәлікке ие болған еңбекқор ғалым. Қарағанды мемлекеттік университеті бүгінде Ебіней Бөкетов есімінде.

Ғылыми еңбектері

Әдеби шығармалары

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Евней Арыстанұлы Бөкетов (1925 — 1983 жж.)