Дүниеге келгені: 1923
Қайтыс болғаны: 2000
Римова Бикен (1923 -2000 жж.)- тұрақты түрде бір-ақ театрда жұмыс істеді. Кейін Мұхтар Әуезовтың есімі берілген Академиялық драма театры оның өз үйінен артық болмаса, кем болған жоқ. Осы сахнада ол эр алуан өйелдер бейнесін жасады. Кейбіреуін ғана санап өтсек: Еңліктен кейін М. Әуезовтың «Қаракөзіндегі» Маржан, «Абайындағы» Зейнеп, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Жер- ана, «Жәмиласындағы» Жаңыл, «Ақ кемесіндегі» Әжей, Әбділда Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш — орман емесіндегі» Фарида, «Майрасындагы» Майра, Ғабиден Мұстафиннің «Миллионеріндегі» Жанат,
Әбіш Кекілбаевтың ’Абылайханындағы" Әулие-ана, Мольердің «Сараңындағы» Элиза, [Гоголь|[Н. Гогольдің]] «Ревизорындағы» Пошлепкина, Н. Островскийдің «Шындықжақсы, бақыт одан да артығындағы» Мавра Дурасова, Шахмет Хұсайыновтың «Алдар көсесіндегі» Меңсүлу, «Сырымбет саласындағы» Зылиха, Тахауи Ахтановтың «Кездейсоқкездесуіндегі» Ғайни, Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен Ажалындағы» Сарыжорға. Бөле-жара атауға болатын образдың бірі — «Абай» драмасындағы Зере. Азуы алты қарыс Қүнанбайдың анасы, болашақ данышпан ақынның өжесін сахнада сомдау екінің бірінің қолынан келмейді. Ешкімді бетіне қаратпайтын ақылды да айбынды Құнанбайдың өзі оның алдында именіп, Абай бір жағы еркелесе, бір жағынан одан тәлім-тәрбие алады, — ауыл-аймақтағы үлкен-кішінің бәрі соның аузына қарайды — осындай сан қырлы қарым- қатынастарды, сезім, мінез тайталастарын көрерменге нанымды түрде жеткізе білу, өрине, үлкен шеберлікті керек етеді. Сахнада талай образдар жасап, көпшілікке кеңінен танылса да өзінің көкейінде көптен жүрген бір образды ол соңғы рет ойлағанындай шығарды.
Ақын-драматург Иранбек Оразбаевқа өзі айтып, қазақтың ең бір сыршыл сазгері Естай өмірінің соңғы кезеңін бейнелейтін драма жаздырды. Жастайынан ғашық болған Қорланға Естай бір емес, бірнеше ән арнаған. Оның бәрі ел аузында. Бірақ тағдыр екеуін қоспаған. Ал мына пьеса Естайдың да, Қорланның да қартайған шағын бейнелейді. Ресей жақтағы бай қазақтарға тұрмысқа ұзатылған Қорланды Естайдың іздеп барғаны — тарихи шындық. Енді екі ғашықгың жасы ұлғайғанда кездесуі, әрине, қызық тақырып. Бикен Римова жасы жетпістің мол ішінде де «сыны кетсе де сыры кетпеген» Қорланның бейнесін аса бір тебіреніспен, тұңғиық терең сезіммен ойнағанын көзіміз көрді. Бүл — ұлы актрисаның сахнамен де, өмірімен де қоштасар алдындағы аққу әніндей көрініс еді… Сахна саңлағы кинода да көрнекті рөл атқарды. «Тақиялы періште», «Шабандоз қыз», «Менің атым Қожа», «Қозы көрпеш — Баян сұлу», «Қүланның ажалы», «Гауһар тас», «Аруана», «Абай» т. б. фильмдерде эр қилы образдар жасады. Олардың ішінде драмалық та, күлкілі де бейнелер бар.
Соңғы жыл¬дары «Тоғысқан тағдырлар» («Перекресток») атты көп сериялы телефильмге түскені талайлардың жадында болар. Бикен Римова қолына қалам үстай білетін дарындардың бірі еді. Ол өзінің замандас әртістерін насихаттайтын бірқатар мақалалар жазды, сүйген жары — көрнекті драматург Шахмет Хұсайынов жайында жазған естеліктері бір төбе. «Еңлігім — Еңлік гүлім», «Онердегі өнегелі өмірлер» атты кітаптарында қазақ театры сахнасы жайында талай сырлар бар. Шахаң қайтыс болғаннан кейін Бикеннің драматургтік талантын да байқадық. «Абай — Әйгерім», «Қос мүңлық», «Қорғансыз жандар» сияқты пьесаларын сахнадан көргенде кәнігі драматургпен кездескендей болдық. Өзіме, әсіресе,
«Қос мұңлық» ерекше үнады. Бала-шағасынан зәбір көрсе де мүң-зарын білдірмеуге тырысып жүрген ер мінезді, өр кеуделі әйелдің көңіл күйі, жүріс-түрысы кімді де болса тебірентпей қоймайды. Сахнаға шыкқаннан бастап бақытты ғұмыр кешкен Бикен әпкеміздің балалық, жастық шағы өте қасіретте болған. 1923 жылы бұрынғы Талдықорған облысының Қаратал ауданында тұған ол кішкентай кезінде қажымас, қайсар шешесімен бірге Қырғызстанға барып жан сақтады, қаңғырған кездері де бар — қысқасы 20–30-жылдардың барлық қасіретін көзімен көрген. Оны өнердің айдынына алып шыққан тума таланты. Шахаңдай жар сүйді, бала- шағасының қызығын көрді… Бар жүбаныш, бар қуаныш сол!