Өзіңді тексер
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946–1980 ж. ж).
1. Азық-түлік өндіруді арттыру мақсатында жүргізілген шаралар:
- а) Шаруалар жалақысын өсірді
- б) Мал санын көбейтті
- д) Салғыртты енгізді
- с) Ұсақ колхоздар біріктірілді
2. « XIXғ. 1920–1940ж. ж. Қазақстан» еңбегінің авторы:
- а) М. Әуезов
- б) М. Қозыбаев
- д) С. Мұқанов
- с) Е. Бекмаханов
3. Соғыстан кейінгі жылдары ұжымшар еңбеккерлері жалақысының мөлшері:
- а) 64 сом
- б) 30,4 сом
- д) 16,4 сом
- с) 10 сом
4. Қазақ ауылдарын жаппай электендіру жорығы қашан басталды?
- а) 1946 жылы
- б) 1948 жылы
- д) 1950 жылы
- с) 1960 жылы
5. 1951 жылы 6 шілдеде ҚазМУ ректоры Төлеген Тәжібаевқа тағылған айып:
- а) Ұлтшыл Е. Бекмахановты қолдады
- б) Университетте білім деңгейін төмендетті
- д) Басшылыққа лайықсыз әрекеттер жасады
- с) Оқытушыларды заңсыз қудалады
6. 1946–1949 ж. ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясының ғылыми-зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін қанша ұсыныс жасады?
- а) 50
- б) 150
- д) 900
- с) 400
7. Ірі ғалым Ә. Марғұланға тағылған айып:
- а) Космополит
- б) Көзқарастары ғылымға жат
- д) Халық жауы
- с) Ұлтшыл-уклонист
8. Сталинизм идеологиясының шырқау шегіне жеткен кезеңі:
- а) 1920–1930 ж.
- б) 1950–1960 ж.
- д) 1940 жылдың соңы
- с) 1940–1950жылдардың басы
9. Арзандату саясатының ауыл есебінен жүргізілгендігінің көрнісі:
- а) Ауылшаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды.
- б) Колхозшы жалақысы жұмысшы жалақысынан 4 есе кем болды, ауыл еңбеккерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы және зейнетақы төленбеді
- д) Нан, сүт, ет өнімдері жетіспеді
- с) Барлығы дұрыс
10. Қазақстанда XIXғ. Рухани мұрасын ғылыми зерттеуге қашан тыйым салынды?
- а) 1947 жылы
- б) 1944 жылы
- д) 1945 жылы
- с) 1946 жылы